jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

15 қаңтарда ҰБТ басталады

11 қантар, 11:00
37

Қаңтар айының 15-20 аралығында елімізде ақылы негіздегі Ұлттық бірыңғай тестілеу басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Білім және ғылыми министрлігінен хабарланғандай, осы жылдан бастап ҰБТ жылына төрт рет: қаңтардың 15-20, наурыздың 24-29, маусымның 20 мен шілденің 5-і, тамыздың 17-20 аралығында өткізілетін болады. Тестілеу ақылы негізде болады. Яғни, ниет білдіруші 2242 теңге төлеп, бағын сынай алады. Қаңтар, наурыз және тамыз айларында өткізілетін ҰБТ үміткерге жоғары оқу орындарының тек ақылы бөлімдеріне түсу құқығын беретінін атап өту керек. Осы үш тестілеудің нәтижесі бойынша басқа үлгідегі сертификат беріледі. Ол сертификаттар грантқа үміттенуге жарамсыз. Қаңтарда аймақта тест 8 нүктеде өткізіледі. Осы жолғы тестті ЖОО-на ақылы түрде оқуға түсу үшін мектеп түлектері, бірінші семестрдің соңына дейін ақылы түрде ЖОО күндізгі бөліміне тіркелгендер, шығармашылық емтихандар қажет болған факультеттерің басқа мамандыққа ауысқысы келетін студенттері жүзеге асыра алады. Тестіден өтуге қажетті құжаттар пакетінде: форма бойынша өтініш (ҰБТ өткізу пунктінде беріледі), 3х4 сантиметр көлеміндегі фотосурет, жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі, талапкер оқитын орта білім беру мекемісінен анықтаманың екі данасы және тестіге қатысуға төленген өтемақының түбіртегі болуы керек.

18 маусым, 15:12
Қуанып барып, қарызданып қайтпаңыз!
14 маусым, 11:44
Шапанды сән үшін кимедім
14 маусым, 11:30
Мақсатымыз - айқын, жолымыз - ашық!
07 маусым, 12:46
Бұл не деген батпан құйрық?..
07 маусым, 12:39
Жусандай жұғымды болса екен!
31 мамыр, 16:14
Киік - қырғын қайталанбасын дейік...
31 мамыр, 16:08
Ажырасудың себебі - ақша
31 мамыр, 15:48
Алып елдің бір бөлшегі