jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

ҰҚК: Сирияда бірнеше қазақстандық өлім жазасына кесілген

10 қантар, 14:58
41

Сирияда лаңкестердің қолынан қаза тапқан бірнеше қазақстандықтар туралы мәлімет бар. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департамент басшысы Бақытбек Рахымбердиев мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Үгіттеушілер, әсіресе шетелдік, Интернет арқылы біздің азаматтарды үгіттей бастады. Бұл үгіттеу шаралары әлеуметтік желі арқылы жүзеге асырылды. Ондағы керемет өмір жайлы суреттелген. Онда өмір әділетті, барлық діни заңдар сақталатыны айтылып, осылайша адамдарды қызықтырған», — деді Рахымбердиев Сыртқы істер министрлігінде өткен баспасөз конференциясында. Оның айтуынша, қазіргі уақытта ұрыс алаңдарында — Сирия, Ирак және Ауғанстанда — шамамен 380 қазақстандық жүр. Олардың көбісі — әйелдер, олармен бірге 400-500-ге жуық балалар тұрып жатыр екен. «Олар сонда барып, жағдайдың басқа екенін түсінген. Ешқандай әділдік жоғын аңғарған. Онда мұсылмандар мұсылмандармен соғысып жатыр. Бір топ екінші топпен және сол секілді. Олар сонда түскен соң, қайтадан шығу мүмкін емес. Бұл үшін өлім жазасына кесілуі де мүмкін. Қашпақшы болған бірнеше қазақстандықтың өлтірілгені туралы мәлімет бар», — деді Рахымбердиев.

15 наурыз, 16:50
Соңында аяқсыз қалады
15 наурыз, 16:40
Мақтанайық Димашпен!
15 наурыз, 14:56
Дос Көшім: Бір жылда шотланд тілін үйреніп алды
15 наурыз, 14:38
Ақтық сапардың сауалы
15 наурыз, 14:31
Өзегін өкініш өртейді
15 наурыз, 14:25
Шәмшінің досы көшеде жүр
11 наурыз, 13:07
Самал Еслямова: Әйел бейнесі махаббаттан тұрады
01 наурыз, 12:36
Ермегім - елде жоқты жинау