jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Мүгедек болып қайыр сұрап жүрген адам ұятқа қалды (фото)

10 қантар, 17:50
4695

9 қаңтар күні Атырау қаласы полицейлері таспасының назарына мүгедек арбасына таңылған күдікті ер адам іліккен. Жанына барған учаскелік полицей әлгі ер адамның мүгедектер арбасынан еш қиындықсыз тұрып, көшеде дәрет сындырып отырғанын көреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мой город порталына сілтеме жасап.

«Ұсталған қайыр сұраушы 58 жастағы ер адам Ақтөбе қаласының тумасы болып шықты. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексінің 434-бабы (Қоғамдық тәртіпті бұзу) және 449-бабы (Қайыр сұрау) бойынша екі хаттама толтырылды», — деп баяндады Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен. Полицейлердің айтуынша, қазіргі кезде ұсталған ер адам есімін және тұрғылықты жерін анықтау үшін 2-ші қалалық полиция бөлімшесіне жеткізілді. «Бұдан бөлек, қайыршы мүгедектігін анықтау үшін медициналық куәландырудан өтеді», — деп нақтылады Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

15 наурыз, 16:50
Соңында аяқсыз қалады
15 наурыз, 16:40
Мақтанайық Димашпен!
15 наурыз, 14:56
Дос Көшім: Бір жылда шотланд тілін үйреніп алды
15 наурыз, 14:38
Ақтық сапардың сауалы
15 наурыз, 14:31
Өзегін өкініш өртейді
15 наурыз, 14:25
Шәмшінің досы көшеде жүр
11 наурыз, 13:07
Самал Еслямова: Әйел бейнесі махаббаттан тұрады
01 наурыз, 12:36
Ермегім - елде жоқты жинау