jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Халал шұжықтан шошқа еті табылған

10 қантар, 22:10
38

Атырауда азық-түлік қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу барысында қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының санитарлық дәрігерлері халал шұжықтан шошқа етін тапқан.

Өндіруші шұжық өнімдерінде шошқа етінің бар екендігін көрсетпей, тұтынушыларды алдаған. Санитарлық дәрігерлердің айтуынша, Ресейдің Астрахан қаласында өндірілген тоңазытылған «Сервелат Мусульманский» жартылай сүрленген шұжықтан өнім құрамында көрсетілмеген шошқа ДНҚ-сы анықталған. Тексеру барысында Атыраудағы тауар өткізушінің бұл шұжықты өнім қауіпсіздігін және Кеден одағының талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарсыз сатқаны белгілі болған. Жеткізушінің жөнелтпе құжаттары да болмаған. Іс қалалық әкімшілік сотқа жолданып, тауар сатушыға 240 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Ал астрахандық өндірушіге қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өнім сапасына қатысты жазбаша талап жолданды.

Дереккөз: azh.kz

15 наурыз, 16:50
Соңында аяқсыз қалады
15 наурыз, 16:40
Мақтанайық Димашпен!
15 наурыз, 14:56
Дос Көшім: Бір жылда шотланд тілін үйреніп алды
15 наурыз, 14:38
Ақтық сапардың сауалы
15 наурыз, 14:31
Өзегін өкініш өртейді
15 наурыз, 14:25
Шәмшінің досы көшеде жүр
11 наурыз, 13:07
Самал Еслямова: Әйел бейнесі махаббаттан тұрады
01 наурыз, 12:36
Ермегім - елде жоқты жинау