jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Алматыда ер адам жалғызбасты аналарды алдап кеткен

14 желтоқсан 2018, 15:09
41

Алматыда бірнеше алаяқты дерегі бойынша күдікті ұсталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. Полиция департаментінің мәліметінше, 50 жастағы ер адам тек жалғызбасты әйелдерді алап келген.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ер адам Алматы облысының тумасы. Ол өзі алдаған құрбандарына жалғызбасты аналарға арналған арнайы бағдарлама бойынша пәтер алу үшін несие алуды ұйымдастырған. «Өз қызметі үшін «көмекші» 36 мың теңге сұраған. Оның едәуір жасқа келуіне байланысты, жас аналар сеніп, пәтер алу үшін ақша берген. Ол өзі атаған қорға ешқандай қатысы жоқ екені белгілі болған және қажетті көмек көрсетуді ойламағанда. Осылайша, біздің мәлімет бойынша, азамат Баймурзиннің қылмыстық желісінің салдарынан 30-дан аса әйел зардап шеккен. Әзірге тек алтауы ғана арыз жазған. Осы дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша і қозғалды. Осы азаматтың қылмыстық әрекетінен зардап шеккен тұлғаларды мына нөмірлер бойынша хабарласуды сұраймыз: 298-53-70; 298-53-71; 298-53-72 немесе 102″, — деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бөлім басшысы, полиция подполковнигі Дидар Аханов. Күдікті ұсталған уақытта оның Алматы облысы Панфилов аудандық ІІБ қызметкерлері оған ұрлық дерегі бойынша іздеу жариялағаны анықталды. Қазіргі уақытта ол уақытша қамау изоляторына жабылды. Сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр.

18 маусым, 15:12
Қуанып барып, қарызданып қайтпаңыз!
14 маусым, 11:44
Шапанды сән үшін кимедім
14 маусым, 11:30
Мақсатымыз - айқын, жолымыз - ашық!
07 маусым, 12:46
Бұл не деген батпан құйрық?..
07 маусым, 12:39
Жусандай жұғымды болса екен!
31 мамыр, 16:14
Киік - қырғын қайталанбасын дейік...
31 мамыр, 16:08
Ажырасудың себебі - ақша
31 мамыр, 15:48
Алып елдің бір бөлшегі