jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Жүгенсіз кеткен жүргізушілер жазаланды

06 желтоқсан, 21:34
39

Жүгенсіз кеткен жүргізушілер жазаланды Алматыда полицейлер қоғамдық көліктерді тексеріп, бірқатар заңбұзушылықтарды анықтады. Жүргізушілердің кейбірі автобусқа заңсыз қосымша орындық орнатса, екіншілері жүргізуші куәлігінсіз-ақ жүйіткіп жүр екен. Оларға қандай жаза қарастырылған? Үш күнде қанша жүргізуші жол сақшыларының қырына ілікті? Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Күтпеген қонақ. Аяқ астынан жолаушылармен ішке енген полиция тексерісінен жүргізуші қапалімде қайтерін білмей абдырап қалғандай. Құжат бойынша мұнда 47 орындық болуы тиіс. Санағанда 49 болып шықты. Екі орындыққа шүйлігуді жүргізуші тырнақ астынан кір іздеуге балағандай. Осы секілді тексерген өзге автобустарда да заңбұзушылық шаш етектен. Бірінің жүргізуші куәлігі, екіншісінің жолаушы тасуға жолдамасы жоқ. Бірақ оны әбестік санайтын жүргізушілердің өзін көрмедік.

— Енді тіршіліктің жолында ғой. Не істейміз енді? Басқа амал жоқ.

Талапқа сай келмеген қоғамдық көліктердің көбі айыппұл тұрағына жөнелтілді. Жүргізушінің өзінен бөлек автобус паркінің басшылары да әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Баукен Байымбетов, Алатау аудандық ІІБ Әкімшілік полиция бөлімінің басшысы:

— Елде он айдың көлемінде қырық адам осы автобустың жүргізушілерінің кінәсінен қайтыс болып отыр. Өткен жылы 38 адам қайтыс болған.

— Үш күнге созылған рейд барысында 150 жүргізушіге хаттама толтырылды. Он бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Бірақ одан сескеніп, бұдан былай талапқа сай жүретін жүргізушілер болса. Өйткені, жөнсіз жүйіткимін деп жолаушылардың басын қатерге байлап жүргендердің қарасы жыл санап артпаса, кемімей тұр.

14 желтоқсан, 11:54
Жадымыздасың, Желтоқсан!
07 желтоқсан, 13:04
Ыдырыс Мұстамбайұлы
07 желтоқсан, 12:58
Кебенекті біліесіз бе?
07 желтоқсан, 12:54
Әзірге ұсыныс
07 желтоқсан, 11:39
Дуа мен дауа немесе Айтолқынның айласы
30 қараша, 12:29
Құзорда - Баласағұн
30 қараша, 12:22
Шанақтан шыққан шатақ
29 қараша, 15:06
Bitcoin құнсызданып барады