jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Үш облыста лауазымды тұлғалар ұсталды (видео)

06 желтоқсан 2018, 13:24
228

Еліміздің үш облысында лауазымды тұлғалар пара алды деген күдікпен ұсталды.

Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова айтты. Бастарованың айтуынша, Атырау облысы бойынша ҚАЖД УГ-157/1 тергеу изоляторы мекемесінің басшысы міндетін атқарушы ұсталды. Қазіргі уақытта Ұлттық бюро оған қатысты сотқа дейінгі тергеу шараларын жүргізіп жатыр. «Ол сотталушыны басқа мекемеге ауыстырмау үшін одан жүйелі түрде пара алып отырған. Параның жалпы сомасы — 678 мың теңге. Сондай-ақ, ол оған туыстарымен кедергісіз кездесуге мүмкіндік берген», — деді Бастарова.

Агенттік өкілі БҚО ҚАЖД қаржымен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы да пара алды деген күдікке ілінгенін хабарлады.

Бұдан бөлек, ҚР ІІМ ҚАЖК «УК-161/11» мекемесі басшысының орынбасары жемқорлық құқық бұзушылық жасады деген күдікке ілінгені айтылады.

Бастарованың айтуынша, осы деректер бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар, Ақмола облысы Туризм басқармасы басшысының да күдікке ілінгені айтылады. Агенттік өкілінің айтуынша, ол жалпы сомасы 8,5 миллион теңге болатын бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілініп отыр.

08 ақпан, 16:29
Мұрнына өлең иісі бармайтындар да баға береді...
08 ақпан, 16:19
Кезекті дүние, кезбелі дәулет
08 ақпан, 15:53
Лашықтағы өмір
08 ақпан, 15:47
Небәрі 12 ер мұғалім...
04 ақпан, 22:23
Үзіліп түсті бес тал гүл, сабағынан...
01 ақпан, 16:21
Бренд болуы тиіс!
01 ақпан, 16:14
Жансыздар немесе отаршылдардың жымысқы тәсілі жөнінде
01 ақпан, 16:04
Жұмабай Шаштайұлы: Адам жанын ақша арбады