jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Өзбек жігіт тәжікстандық азаматтың басын кесіп, пешке жағып жіберген

06 желтоқсан 2018, 16:16
544

Жантүршігерлік оқиға таңертеңгі уақытта Волгоградтың Ленин ауданындағы Бахтияров ауылында болған деп жазады novostivolgograda.ru сайтына сілтеме жасап sn.kz хабарлады.

Мал бағу шаруашылығында жұмыс істейтін Өзбекстан тумасы мен тәжікстандық екі жұмысшы сөзге келіп қалған. Екеуінің арасында кикілжің жұмыс барысында басталыпты. Арадағы түсініспеушілікті өзара шешу үшін олар сиыр қорасына барған.

«36 жастағы өзбекстандық Тәжікстаннан келген 57 жастағы жұмысшының кеудесіне пышақ сұққан. Күдікті қылмысын жасырмақ болады. Ол марқұмның басын кесіп, пешке лақтырып жіберген. Ал денесін жиналып тұрған шөптің арасына тығып қояды», – дейді Ресей тергеу комитетінің Волгоград облыстық Средне- Ахтубинск ауданы бойынша тергеу басқармасының басшысы Евгений Выстропов.

Өзбекстандық болған жайтты жұмыстағылардың біріне айтып, одан ешкімге тіс жармауын өтінген. Алайда, ол жұмыс берушіге, одан кейін құқық қорғаушыларға баяндап береді.

«Айыпталушы сол күні кешке жақын ұсталды. Қылмыскердің психикасында ауытқуы бары анықталды. Өйткені ол марқұмның басын пешке лақтырып жіберуінің себебін, оның қараған көзі жүйкесіне тигендігімен байланыстырды», – дейді Евгений Выстропов.

19 сәуiр, 15:50
Табиғат тартуы немесе тағы да тау кластері жөнінде
19 сәуiр, 15:20
Америкада алшаң басып жүрмейді
19 сәуiр, 15:03
Жолда келе жатырмыз...
19 сәуiр, 12:09
Жіпке байланған өмір
12 сәуiр, 17:26
"Тұлғасын газетінен танимын"
12 сәуiр, 17:09
Жусан иісін сағынған
12 сәуiр, 17:03
АЭС салуға қажеттілік бар ма?
12 сәуiр, 16:50
Байқоңыр бізге қарайды, біз...