jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Дубайда супермаркет суда жүзіп жүреді

06 желтоқсан 2018, 13:06
49

Дубайдағы Парсы шығанағының жағалауында «Carrefour» халықаралық желісінің суда қалқып жүретін әлемдегі алғашқы супермаркеті жұмыс істей бастады.

Қазақпарат жазғандай, шағын сауда нүктесі бірінші кезекте қайықтар мен су мотоциклдерінде жүзіп жүрген адамдарға арналған. Ол үш жағажайдың қол жетерлік аймағында орналасқан. Мұнда сатып алушыларға шамамен 300 тауардың атауы ұсынылып отыр. Онда түрлі сусындар, жеңіл тамақ, балмұздақ, жеке гигиена заттарын және кейбір медициналық препараттарды сатып алуға болады. Арнайы терезеге жүзіп келген клиент, қажетті азық-түліктер тізіміне тапсырыс беріп, одан кейін қажетті тауарын алып кете алады. Егер қайық дүкенге жақындай алмаса, оның жолаушылары тиісті заттарға телефон арқылы тапсырыс берген соң, тауар 45 минуттың ішінде бортқа жеткізіледі.

19 сәуiр, 15:50
Табиғат тартуы немесе тағы да тау кластері жөнінде
19 сәуiр, 15:20
Америкада алшаң басып жүрмейді
19 сәуiр, 15:03
Жолда келе жатырмыз...
19 сәуiр, 12:09
Жіпке байланған өмір
12 сәуiр, 17:26
"Тұлғасын газетінен танимын"
12 сәуiр, 17:09
Жусан иісін сағынған
12 сәуiр, 17:03
АЭС салуға қажеттілік бар ма?
12 сәуiр, 16:50
Байқоңыр бізге қарайды, біз...