jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Bitcoin құнсызданып барады

29 қараша 2018, 15:06
388

Бұл апта криптоинвестор үшін аса қолайлы болмады. Дүйсенбі күні таңертеңгі саудада 4060 долларға сатылған биткоин сейсенбіде бірден 10 пайызға құлдырады. Ол үшін ең қауіпті төмендеу шегі – 3100 доллар. Енді 12 пайызға құлдыраса, жағдай мүшкіл.

Сондай-ақ тағы бір криптовалюта — Ethereum да арзандау үстінде. Биткоин сияқты ЕТН бағасы да алдағы уақытта қымбаттамайды.

Қазір ЕТН-нің нарықтағы орташа бағасы — 105,71 доллар. Бір тәуліктің ішінде ол 7,6 пайызға арзандады. Альткоиннің бағасы 25 қарашадан бері 100 доллардан да түсіп кеттті – 98, 12.

Индустриядағы жағымды жаңалықтың жоқтығы криптовалюталардың нығаюына жол беретін емес. Ал олардың құны құлдыраған сайын сатып алушылар өз активтерінен жылдам құтылуға асығады. Өйткені цифрлық ақшаның мүлде құнсыздануынан қауіптенеді.

Дегенмен жағымды жаңалық та бар. Мәселен, Bitcoin Cash хардфогынан кейін іле-шала шығарылған Bitcoin SV монетасының бағасы жоғары өрлеп келеді. Капиталдану жағынан ол Litecoin мен Tether-ді озып, рейтингте жетінші орынға жайғасты. Токеннің капиталдануы 1,82 млрд долларды құрайды. Ал құны соңғы тәулікте 5,89 пайызға төмендеп, 104,56 долларды құрады.

Сөйтіп жағымсыз ахуал қалыптасқан нарықта криптовалютадан құтылуға асыққандар көбейді. Сарапшылар 12 желтоқсанда Bakkt жүйесі іске қосылғаннан кейін жағдай өзгеруі мүмкін деген пікірде. Оған дейін баға өспейді.

Талап Тілеген

14 маусым, 11:44
Шапанды сән үшін кимедім
14 маусым, 11:30
Мақсатымыз - айқын, жолымыз - ашық!
07 маусым, 12:46
Бұл не деген батпан құйрық?..
07 маусым, 12:39
Жусандай жұғымды болса екен!
31 мамыр, 16:14
Киік - қырғын қайталанбасын дейік...
31 мамыр, 16:08
Ажырасудың себебі - ақша
31 мамыр, 15:48
Алып елдің бір бөлшегі
31 мамыр, 15:36
Жүз алпыс сегіздің жұмбағы