jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Сәби болғым келмейді… Қоқыстан табылатын (видео)

14 қараша, 15:40
580

Әй, түш!

Ежелден белгілі бәдік айтыстың бүгінгі нұсқасы. Айтыс алаңында – африкалық суырыпсалма Марсель мен қазақстандық Асқарбек Қазанғап.

Марсель:
Қырық ру қазақ, Тәуелсіз ел болған азат,
Біреу үшін өмір, сенде бәлкім бәрі ғажап.
Көзім көрген айтсам, ащы шындықты,
Табылар ма сенде маған жауап.
Қаралаған, қаралаған заман болған,
Ұмыттың ба құл, құлдықтан болдың бодан.
Қанша жерден қаласа да қудалап,
Дін тектілікті жоғалтпадық біздер содан.
Азаттыққа жеттіңдер, ардан бірақ өттіңдер,
Өз балаңды саудалап, далаға тастап кеттіңдер.

Асқарбек Қазанғап:
Қайдан ғана кез болдың қара бала,
Сен айттың бір шындықты даралана.
Біреулер жүр зар болып бір сәбиге,
Көңілі мұңға толы жүрек жара.
Пенделер – ай, жүрегі тасқа айналған,
Оны ойласам, жанарға жас байланған.
Бала деген халықтың болашағы,
Болашақты қоқысқа тастай ма адам.
Көп еді тас жүректер тас қаланың,
Не сұмдық сен баланы тастағаның.
Аңның өзі қатерге кез келгенде,
Білесің бе жалғыз өзі қашпағанын.

Марсель:
Құс та болғым келмейді, қанатым бар,
Қанатым бар күмістен жаратылған.
Сәби болғым келмейді-ау, сәби болғым,
Туа салып қоқысқа лақтырылған.
Сәби болғым келмейді-ау, сәби болғым.
Біреуге бар, біреуге табылмаған.
Сен айтқан аналарды қалай ақтарсың?
Сөзбенен ғана шүйлігіп даттарсың.
Ана емес, айуанның күйін кешсең,
Айтшы сен оларды қалай ақтарсың?

Асқарбек Қазанғап:
Тұрмыстың тауқыметі қинады ма,
Бір балаң бауырыңа сыймады ма?
Сәбиін саудалаған аналар –ай,
Барыңды құр бақырға қиғаның ба?
Жас ана ойламадың терең әлі,
Ұрпағын сатса ел қалай оңалады,
Бақырың бес-ақ күнде таусылады,
Ал баланың тағдыры не болады?

Марсель:
Көкек ананы көбейткен, көкек әке оңар ма?
Шыңғысханның заңымен жазаласақ бола ма?

Асқарбек Қазанғап:
Зарымды естісінші, қалың қазақ,
Болмайық ішке – күлкі, сыртқа – мазақ.
Таяқпен тас бауырды жібітпессің,
Ақылға бар ма ана құлақ салмақ?
Айтамыз ба тектіміз деп сонда бөсіп,
Бөбектер қалып жатса босқа өксіп.
Әр қазақ бар қазақты жалғызың көр,
Басқа түскен баспақшылға бірге төзіп.

КТК арнасы «Аптап» бағдарламасы

14 желтоқсан, 11:54
Жадымыздасың, Желтоқсан!
07 желтоқсан, 13:04
Ыдырыс Мұстамбайұлы
07 желтоқсан, 12:58
Кебенекті біліесіз бе?
07 желтоқсан, 12:54
Әзірге ұсыныс
07 желтоқсан, 11:39
Дуа мен дауа немесе Айтолқынның айласы
30 қараша, 12:29
Құзорда - Баласағұн
30 қараша, 12:22
Шанақтан шыққан шатақ
29 қараша, 15:06
Bitcoin құнсызданып барады