jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Сәтбаев әкімін қорқытқан кім?

09 қараша, 11:18
76

Сәтбаев қаласының тұрғыны «Телеграм» әлеуметтік желісінде әкімдік қызметкерлеріне қоқан-лоқы көрсетіп, тіл тигізген.

BAQ.KZ   жазғандай, қала әкімі Асқар Ыдырысовқа да қатысты хабарлама қалдырған бопсалаушыны құқық қорғау қызметкерлері ұстады. Ол ұзақ уақыт бойы жалақысын ала алмай жүрген сантехник болып шықты.

«Телеграм» әлеуметтік желісіндегі «Правопорядок города Сатпаев» чатында басқа атпен тіркелген қолданушы әкімдік қызметкерлері мен отбасы мүшелерін өлтіретінін айтып, хабарлама жазған. Бұл уақытта чатта қаланың криминогенді жағдайы мен әлеуметтік өмірі талқыланып жатқан. «Телеграм» қолданушысы әкімдіктің лауазымды тұлғаларына тіл тигізіп, оларға қоқан-лоқы көрсеткен. Хабарламаны топтағы полиция қызметкерлері де оқып, дереу іске кіріседі. Олар хабарлама жазған 33 жастағы қала тұрғынын ұстады.
«Ұсталған азамат аталған хабарламаны жазғанын мойындады. Оның айтуы бойынша азамат шамамен бір жыл бұрын қалада салынып жатқан үйлердің бірінде жұмыс істеген, алайда жұмыс беруші компания еңбегінің ақшасын төлемеген. Жалақысын ала алмауына байланысты ол қала әкімдігіне бірнеше рет барып, шағымданған. Алайда әкімдіктегілер оған көмектесе алмаған. Осыған ашуланған қала тұрғыны әлеуметтік желі арқылы қала әкіміне қоқан-лоқы көрсеткен. Оған қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 115-бабы бойынша іс қозғалды», — дейді Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.
Сәтбаев қаласында жұмыс беруші құрылыс фирмасы сантехниктің жалақысын ұзақ уақыт бойы төлемей, бірнеше ай бойы мердігер фирманың иесі жұмыскерді құрғақ уәдемен алдап келген. Осыған ашынған жігіт ортақ чатта әкімге «Сенің 24 сағатың бар, отбасыңды бауыздаймын» деп хабарлама жазған. Сәтбаев қаласының әкімі Асқар Ыдырысовке әлеуметтік желіде тіл тигізіп, әкімді құрылыс жұмыстары жүріп жатқан нысанның мердігеріне қатысты шара қолданбады деп айыптаған жұмыскердің жалақысын өтеу шаралары қарастырылып жатыр. Сәтбаев қаласының әкімдігіндегілер аталған оқиғаға байланысты жұмыстар атқарылып жатқандығын айтады.
«Өкінішке қарай, қалада екі мердігер компанияның жұмыскерлер алдында қарызы бар. Компания басшыларымен сөйлескенбіз. Қарызды өтеу кестесі бекітілген. Қоқан-лоқы жасаған адамға байланысты нақты мәліметтерді анықтап жатырмыз. Оның кім болып жұмыс істегені, қарыздың көлемі анықталған соң кеңес жүргізетін боламыз. Бұл адам ашынғаннан кейін осындай іске барды деп ойлаймын», — дейді Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары Айгүл Төлендина.

16 қараша, 15:03
Өткір мәселе өзекті өртейді
16 қараша, 13:56
Қашан да құнды
16 қараша, 12:21
Улы дәріден сақтаныңыз!
16 қараша, 12:09
Тақиялы періште: тақиясы табылмай тұр
16 қараша, 10:16
Бұл идея экономикаға қауіпті!
09 қараша, 14:53
Гүлзат Көбек: Арзанның жілігі татымайды
09 қараша, 14:36
Полиция: Реформа киім ауыстырудан басталады
09 қараша, 14:26
Айқайға қиқу қосып...