jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Ақтөбеде 52 адамның өліміне қатысты сот үкімі шықты

09 қараша, 11:59
801

Ақтөбеде автобус өртіне қатысты сот процесі аяқталды. 52 жолаушысы жанып кеткен оқиғаға үкім шыққанда сотталушылар жылап жіберді. Автопарк құрылтайшысы мен механигіне сот залында кісен салынды.

Шымкенттегі «Азия транзит» ЖШС-нің құрылтайшысы Нұрлыбек Телікбаев үш жыл алты айға, автопарк механигі Бахадүр Пердебаев үш жыл алты айға бас бостандығынан айырылып, сот залынан қамауға алынды. Бұл туралы nur.kz хабарлады.

Өртенген автобусты жүргізген Нұржан Қырғызбаев, Мақсат Пернебеков, Барат Таңатовтарды бес жылға бас бостандығынан айыруға үкім шықты. Жүргізушілер енді жеті жыл бойы көлік басқара алмайды.

Сонымен қатар сотталушыларға жәбірленушілердің әрқайсысының отбасына екі млн теңгеден моральдық шығын өтеу міндеттелді.

Автобус өртіне қатысты көшпелі сот отырысына Ырғыз аудандық сотының судьясы Серік Махамбетов төрағалық еткен болатын. Жәбірленушілердің туыстары қаза болған әр адам үшін 150 млн теңге сұрап, айыпталушыларды Қазақстандағы ең қатаң жазамен қамауды талап еткені туралы осыған дейін хабарлаған едік.

Мемлекеттік айыпталушы Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі және Қылмыстық кодекстің 348-бабының 4-бөлігі негізінде жауапқа тартылғандардың кінәсі дәлелденгенін айтып, соттаушыларды бес пен жеті жыл аралығында бас бостандықтарынан айыруды сұраған.

Сот зерттеуінде белгілі болғандай, автобусқа үш жүргізушіден бөлек 54 өзбек азаматы мінген. Жүргізушілер Шымкенттен салқын аязға шыдамайтын жанармай құяды. Ырғыз ауданының тұсында жанармайы қатып, қозғалтқышы істен шыққан автобус тоқтап қалды.

Жүргізушілер жанармай багын дәнекерлеуші шаммен қыздырған. Олар тергеу кезінде жеке басы анықталмаған әйелден 5 литр бензин сатып алған. Жанармайдың 1,5 литрін дәнекерлеу шамына құйып, қалған 3,5 литрлік бензинді алып жүргізуші Қырғызбаев автобусқа кірген.

Салон ішіне «поялникпен» аяғын қыздырады. Сол кезде қастарына басқа автобус тоқтайды. Қырғызбаев пен Таңатов дәнекерлеу отын сөндірмей, тоқтаған автобусқа қарай шығып кеткен. Автобустан бірінші шалбары жанып жолаушы Исақов шығады. Кейін Қырғызбаев пен Таңатов автобусқа жүгіреді. Айтуларынша, құтқаруға үлгермейді. Жолаушы Мырзахметов пен жүргізуші Пернебеков жарақат алып, салоннан шығып үлгереді. Жүргізушілер шыңғырған дауыстар тоқтағанға дейін өртті өз еріктерімен сөндірмек болады.

16 қараша, 15:03
Өткір мәселе өзекті өртейді
16 қараша, 13:56
Қашан да құнды
16 қараша, 12:21
Улы дәріден сақтаныңыз!
16 қараша, 12:09
Тақиялы періште: тақиясы табылмай тұр
16 қараша, 10:16
Бұл идея экономикаға қауіпті!
09 қараша, 14:53
Гүлзат Көбек: Арзанның жілігі татымайды
09 қараша, 14:36
Полиция: Реформа киім ауыстырудан басталады
09 қараша, 14:26
Айқайға қиқу қосып...