jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Павлодар көшелерінің 78 пайызы орыс тілінде

08 қараша, 21:39
32

Павлодар қаласында 333 көшенің 22 пайызы ғана қазақ тілінде. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен «Тілдерді қолдану мен дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын Павлодар облысында жүзеге асыру туралы» баспасөз мәслихатында белгілі болды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Сәуле Османова айтқандай, жоғарыда аталған мемлекеттік бағдарламаның үлкен бір бөлігі ономастика мәселесіне қатысты. «Бұл мәселе еліміздің басқа өңірлеріне қарағанда біздің аймақта күрделі. Оңтүстік өңірлерде, Маңғыстауда елді мекендер мен көшелердің 90 пайызы қазақ тілінде. Тек қана Павлодар қаласын алсақ, 333 көшенің 22 пайызы қазақша, қалған 78 пайызы орыс тілінде болып тұр»,- деп атап өтті Сәуле Османова. Сәуле Османованың айтуынша, бұл бағыттағы жұмыс жүргізіліп жатыр. Былтыр облыс бойынша 189 көше қайта аталды. Биыл 70 көше мен екі ауданның атауы қазақшаға өзгертілген. Лебяжі ауданы — Аққулы, Качир ауданы Тереңкөл деп аталды. «Онымен бірге, қаламызда 99 жыл бойы «Ленин» болып аталып келген көшені Астана деп қайта атадық. Оның өзі үлкен жетістік деп ойлаймын. Жуырда тағы екі көшенің атын өзгерту туралы мәселені облыстық мәслихат депутаттарының қарауына ұсынамыз».

16 қараша, 15:03
Өткір мәселе өзекті өртейді
16 қараша, 13:56
Қашан да құнды
16 қараша, 12:21
Улы дәріден сақтаныңыз!
16 қараша, 12:09
Тақиялы періште: тақиясы табылмай тұр
16 қараша, 10:16
Бұл идея экономикаға қауіпті!
09 қараша, 14:53
Гүлзат Көбек: Арзанның жілігі татымайды
09 қараша, 14:36
Полиция: Реформа киім ауыстырудан басталады
09 қараша, 14:26
Айқайға қиқу қосып...