jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Бозымбаев орынбасарының ұсталуы жайында пікір білдірді

08 қараша, 12:55
60

ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев орынбасары Анатолий Шкарупаның бюджет қаражатын ұрлау күдігіне ілінуіне қатысты пікір білдірді.

«Ештеңе білмеймін. Бірінші рет естідім. Білуімше, 2015 жылдары болған жайт. Ал ол бізге жұмысқа бір ай бұрын ғана келді», — деді ол Сенаттың жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай. Сонымен қатар, министр орынбасарларын өзі тағайындамайтынын атап өтті. «Министр вице-министрлерді тағайындамайды. Олар Үкімет қаулысымен тағайындалады. Ол — тәжірибелі адам. Мән-жайды шешеді деп ойлаймын», — деді Қанат Бозымбаев. Айта кетейік, ҚР Бас прокуроры Қайрат Қожамжаров Саран қаласының бұрынғы әкімі, ал қазіргі кезде Энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупа 2015 жылы 215 млн теңгені жымқыру күдігіне іліккен мәлім еткен болатын.

ҚазАқпарат

16 қараша, 15:03
Өткір мәселе өзекті өртейді
16 қараша, 13:56
Қашан да құнды
16 қараша, 12:21
Улы дәріден сақтаныңыз!
16 қараша, 12:09
Тақиялы періште: тақиясы табылмай тұр
16 қараша, 10:16
Бұл идея экономикаға қауіпті!
09 қараша, 14:53
Гүлзат Көбек: Арзанның жілігі татымайды
09 қараша, 14:36
Полиция: Реформа киім ауыстырудан басталады
09 қараша, 14:26
Айқайға қиқу қосып...