jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Астанада автобус жүргізушісі мүгедек адамға көмектеспеді (видео)

08 қараша, 14:40
9

Астанада автобус жүргізушісі арбада отырған мүмкіндігі шектеулі жанға қоғамдық көлікке кіруіне көмектеспеді. Оқиға 5 қарашада «Орбита» аялдамасында болған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.

Ер адам №44 автобустың жүргізушісінен көмектесуін өтінген, алайда ол есікті жауып, жүріп кеткен. «44-маршруттың жүргізушісі дөрекі түрде жанжал шығарып, автобусқа кіруіме көмектесуден бас тартты. Осы автобуспен бірнеше мәрте жүріп, арыз-шағым түсіретінімді айтып, наразылық білдірді. Осыған дейін, мен осы жүргізушінің пандус-аппарель құрылғысын шығармағаны туралы видеоны жариялаған едім. Оның жұмыс істемейтінін айтқан соң маған арбамен бірге мені көтеріп, шығарып жүрді», — деп жазды Жасұлан Керей Facebook желісінде.
«Астана LRT» баспасөз қызметі осы жағдайдан соң жүргізушінің жұмыстан босатылғанын хабарлады. «Осындай ыңғайсыз жағдайға түскеніңіз үшін кешірім сұраймыз. Жүргізушінің әрекетін еш ақтап алуға болмайды. Жүргізуші 6 қарашада автопарк тәртіптік кеңесіне шақыртылып, ереже бұзғаны үшін жұмыстан босатылды», — деп жазды пікір ретінде «Астана LRT» баспасөз қызметі Facebook желісінде. Видео авторы бұл жағдайдың бірінші рет еместігін айтады. Мұндай жағдай оның басынан бұрындары да өткен.

Astana LRT когда вы уже остановите этот беспредел, что водитель уезжает, бросая инвалида замерзать на остановке? А если бы я замерз и умер, тогда кто будет отвечать за жизнь маломобильного пассажира? Сегодня 05.11.18 в 18:10 на остановке Магазин Орбита водитель 44 маршрута с госномером 229ba01 в грубой форме устроил скандал и уехал, отказавшись выйти и помочь мне заехать на инвалидной коляске в автобус.Astana 109

Опубликовано Zhaslan Kerey Понедельник, 5 ноября 2018 г.

Tengrinews.kz

16 қараша, 15:03
Өткір мәселе өзекті өртейді
16 қараша, 13:56
Қашан да құнды
16 қараша, 12:21
Улы дәріден сақтаныңыз!
16 қараша, 12:09
Тақиялы періште: тақиясы табылмай тұр
16 қараша, 10:16
Бұл идея экономикаға қауіпті!
09 қараша, 14:53
Гүлзат Көбек: Арзанның жілігі татымайды
09 қараша, 14:36
Полиция: Реформа киім ауыстырудан басталады
09 қараша, 14:26
Айқайға қиқу қосып...