jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Алматы облысында ит талаған бала көз жұмды

08 қараша 2018, 16:35
290

Талдықорған қаласына қарасты Мерекелік саяжайында 7 жастағы баланы ит талап, ол ауруханада көз жұмды.

Оқиғаны Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі растады. «Талдықорғандағы облыстық балалар ауруханасына науқас 6 қараша күні кешкі сағат бестерде түстен. 2011 жыл туған бала өте ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Ол 7 қараша күні сағат 13:35-те қайтыс болды. Оны ит қапқан. Баланың бас терісі, беті, мойыны, сол жақ иығы, сол жақ аяғы қатты жарақатталған. Бала ауыр травматикалық шок алған», — деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ләйлім Әубәкірова. Ал облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі де аталған фактіні растап, осы факті бойынша сот-алды тергеу басталғанын жеткізді. «Баланың өліміне байланысты сот алды тергеу ҚР ҚК-нің 104-бабы бойынша жүргізіліп жатыр. Иттің иесі анықталды. Ол арнайы қолхатпен жіберілді. Тергеу облыстық полиция департаментінің қатаң бақылауында», — деді аталған ведомстваның өкілі Көбейхан Нұрахметов.

ҚазАқпарат

Бүгін, 15:10
Қытай Абайды оқи бастады
Бүгін, 15:05
Кірген із бар, шыққан із жоқ
Бүгін, 14:58
Ақбөкенге араша болып еді...
Бүгін, 14:41
Тұз бұзылса, не себесің?
Бүгін, 14:23
Тәртіпке кел, коллектор!
Бүгін, 14:17
Түрмені де шарпыды
21 желтоқсан 2018, 15:30
Үйрек бағушы
21 желтоқсан 2018, 13:42
Тірі ме екен Лунара?!