jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Медициналық пойызы: 17 000-ға жуық қазақстандық тегін тексерілуден өтті

18 қазан 2018, 14:10
69

«Медициналық пойыз» жобасы өз жұмысын жалғастыруда. Қазіргі таңда «Денсаулық» және «Саламатты Қазақстан» пойыздары төрт облысты аралап шықты.

«Денсаулық» медициналық пойызы қазір Қызылорда облысында, ал «Саламатты Қазақстан» пойызы Шығыс Қазақстан облысындағы жұмысын бастап кетті. Қыркүйектің басынан бастап Қостанай, Павлодар, Атырау және Маңғыстау облыстарындағы 52 бекеттің тұрғындары «Саламатты Қазақстан» және «Денсаулық» консультативті-диагностикалық пойыздарында тексерілді.

«Медициналық пойыздар» жобасының әкімшісі — «Әлеуметтік жобалар қоры» Корпоративтік қорының ақпараты бойынша, дәрігерлер бригадасының көмегімен 16000-нан астам диагностикалық емшаралар өткізілді, оның шеңберінде 616 әйелге маммологиялық тескерілулер өткізілді, сондай-ақ 13 357 тұрғынға стоматологиялық көмек көрсетілді.

«Бұл жоба маңызды, себебі оның көмегі арқылы елдің шалғайында орналасқан бекеттердің тұрғындарына медициналық көмек көрсету мүмкіндігі пайда болды. Олардың барлығы жоғары әрі білікті медициналық көмек алады, оның ішінде шағын хирургиялық операциялар, сондай-ақ жоғары сапалы стоматологиялық көмек бар. Бүгінгі күні 16 713 адам тексерілді, оның 2 764-ы кішкентай балалар. Желтоқсан айының соңына дейін дәрігерлер 40 000-ға жуық қазақстандықты тексереді деп жоспарлануда», — дейді «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының басқарушы директоры — ресми өкілі Іргебаев Мирас.

Естеріңізге салайық, «Медициналық пойыздар» жобасы 2010 жылдан бастап жүзеге асырылуда. Биыл 3 қыркүйекте бастау алды. Төрт айдың ішінде қазіргі заманға сай медициналық жабдықтармен жарақтандырылған пойыздар Қазақстанның алыс теміржол бекеттерінен өтеді және ауылдық емделушілерді қабылдайтын болады.

Пойыздардың медициналық тобы құрамында білікті дәрігерлер: терапевт, балалар дәрігері, невропатолог, көз дәрігері, ЛОР, гинеколог, хирург, уролог, маммолог, тіс дәрігері бар.

Бұл жоба «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен, сондай-ақ «Қазақстан темір жолы» АҚ-ның жанындағы «Әлеуметтік жобалар қоры» Корпоративтік қорымен біріге жүзеге асырылуда.

14 маусым, 11:44
Шапанды сән үшін кимедім
14 маусым, 11:30
Мақсатымыз - айқын, жолымыз - ашық!
07 маусым, 12:46
Бұл не деген батпан құйрық?..
07 маусым, 12:39
Жусандай жұғымды болса екен!
31 мамыр, 16:14
Киік - қырғын қайталанбасын дейік...
31 мамыр, 16:08
Ажырасудың себебі - ақша
31 мамыр, 15:48
Алып елдің бір бөлшегі
31 мамыр, 15:36
Жүз алпыс сегіздің жұмбағы