jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Ұлттық музейден өрт шықты

12 қазан, 15:03
44

Елордадағы Ұлттық музей ғимаратынан өрт шықты. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов айтты.

Оның айтуынша, жергілікті уақыт бойынша сағат 12:44-те Тәуелсіздік көшесі бойында орналасқан ҚР Ұлттық музейі ғимаратының астыңғы қабатындағы аккумулятор батареясының өртенгендігі туралы хабарлама түскен. «Алдын ала мәліметтерге сәйкес өрт 5 шаршы метр аумақты шарпыған. Сағат 13:05-те қызыл жалын ауыздықталып, 13:08-де толықтай өшірілді. Қаза тапқандар мен зардап шекендер жоқ, өртті сөндіруге өрт сөндіру қызметінің 18 маманы мен 4 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды», — деді Н.Нұрахметов.

ҚазАқпарат

14 желтоқсан, 11:54
Жадымыздасың, Желтоқсан!
07 желтоқсан, 13:04
Ыдырыс Мұстамбайұлы
07 желтоқсан, 12:58
Кебенекті біліесіз бе?
07 желтоқсан, 12:54
Әзірге ұсыныс
07 желтоқсан, 11:39
Дуа мен дауа немесе Айтолқынның айласы
30 қараша, 12:29
Құзорда - Баласағұн
30 қараша, 12:22
Шанақтан шыққан шатақ
29 қараша, 15:06
Bitcoin құнсызданып барады