jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Олжас Сүлейменовтің немересін қаққан қыз кінәсін мойындады

12 қазан, 14:06
105

Астанадағы Есіл аудандық №2 сотында Қызылорда облыстық ІІД бастығы Қайрат Мұхитовтың қызы Малика Мұхитоваға қатысты қылмыстық істің соты басталды. Ол Олжас Сүлейменовтың немересі қайтыс болған жол-көлік оқиғасына қатысы бар деп айыпталуда. Бұл туралы NUR.KZ  хабарлайды.

Ағымдағы жылдың маусым айында шетелдік көлік мінген Малика Мұхитова мотоциклмен келе жатқан Ескендір Сүлейменовпен соқтығысқан. Жас жігіт оқиға орнында көз жұмған болатын.

Малика Мұхитова сотқа үш әйелмен бірге келді. Оның қорғаушысы Дмитрий Куряченко. Ал жәбірленуші тарапты Дамир Сағынов таныстыруда. Істі қарайтын судья Қанат Табағалиұлы.

Малика Мұхитова Қылмыстық кодекстің 345 бабы бойынша айыпталуда. Сот отырысын ашық деп жариялаған судья оның ашық режимде өтетінін мәлім етті.

Осыдан кейін ол айыпталушы туралы мәліметтерді оқыды. Малика — 1989 жылы туған. тұрмыс құрмаған. «Самұрық-Қазына» АҚ-да жоғары аға менеджер болып қызмет еткен.

Айта кетейік, сот алдында екі тараптың да қорғаушылары қылмыстық істі қарауды кейінге шегеру туралы ұсыныс жасады. Себебі жәбірленуші жақтан куәгерлік ететін адамдар алыстан келе алмай қалған. Ал Куряченко сот отырысына жол-көлік оқиғасы болған орынды тексерген полицей мен марқұмды қараған дәрігерлердің және Ескендір мотоцикл айдауды үйренген автомектеп өкілдерін де шақырту керек деп санайды.

«Менің қорғалушым өз кінәсін мойындап, өкінетінін айтып, шығынды толық өтеуге келіскенімен, әлі оның нақты көлемі әлі анықталған жоқ», — деді Куряченко.
Адвокаттың сөзіне сүйенсек, Мұхитованың жол-көлік оқиғасына қандай жылдамдықпен келіп түскені де әлі белгісіз. Сондықтан ол қосымша авто-фототехникалық сараптама жүргізіп, барлығын жіті анықтау қажет деп отыр.

Алайда жәбірленуші тарап қосымша сараптама жүргізуге қарсылық танытты. Себебі ол үш айға созылған сотқа дейінгі тергеу кезінде маңызды сараптамалар жасалып, нәтижесі іс материалына қосылған.

«Куәгерлерлерді қайта шақыртуға да қарсылық білдіремін. Олардан жауап алынды, іс материалында олардың хаттамалары тұр. Соны жария етудің өзі жеткілікті деп санаймын», — деді Сағынов.
Мемлекеттік айыптаушы да қосымша сараптамалар мен куәгерлерді қайта шақырту істің одан әрі созылып кетуіне алып келетінін айтты.

Нәтижесінде сот айпталушы мен жәбірленуші тараптың және арызда аты аталған куәгерлердің толық құрамда қатысуымен істің қайта қаралатынын мәлім етті.

Енді келесі сот отырысы 17 қазанда өтетін болды.

Бүгін, 11:35
Мұрат ақын және Ноғайлы жырлары
12 қазан, 12:14
Тренинг немесе мен қалай оқуымды бітіре алмадым?
12 қазан, 12:08
Желідегі маркетинг шаң қаптырмасын
08 қазан, 14:52
Арқа (әңгіме)
28 қыркүйек, 12:39
Таңдаулы оқулықтар ғана аударылады
28 қыркүйек, 12:14
Ең басты мәселе – өңірлік және жаһандық қауіпсіздік
24 қыркүйек, 11:25
«Тозақ отынан» оралған әйел
21 қыркүйек, 11:17
"Чайка" жігіттер