jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Мысыр Бейбарыс сұлтан мешітін жөндеуге ақша бөледі

12 қазан, 16:53
103

Каирдегі Бейбарыс сұлтан мешітін қалпына келтіру жұмыстары қайта басталады. Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте Қазақстаның Мысырдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Арман Исағалиев айтты.

«Қазақ пен Мысыр халықтары арасындағы байланыстардың терең тарихи тамыры бар. Қазақ жерінен шыққан Бейбарыс сұлтан бабамыздың тұлғасы екі елдің арасындағы достық, мәдени және тарихи байланыстың символына айналды. Каир қаласында Бейбарыс сұлтанның үлкен мешіті бар. Ол Мысырдағы көлемі бойынша екінші мешіт саналады. 2007 жылы екі елдің арасында аталған мешітті қалпына келтіру туралы үкіметаралық келісімге қол қойылған болатын», — деді Елшісі. Оның айтуынша, жоба құны 12 миллион долларға бағаланған. Оның 4,5 миллион долларын Қазақстан тарапы, ал қалғанын Мысырдың өтеуі туралы уағдаластыққа қол жеткізілген. Осы күнге дейін Қазақстан тарапы өз уәдесін орындап, 4,5 млн доллар бөлген. Аталған қаржы мешітті қалпына келтірудің бірінші кезеңіне жұмсалған. Алайда, Мысыр тарапы осы уақытқа дейін өз уағдаластығын орындай алмай келді. Оған елдегі саяси толқулар, екі төңкеріс, экономикадағы үлкен дағдарыс себеп болды. «Қазіргі кезде туристердің артуына және одан бюджетке түсетін қаражат көлемінің ұлғаюына байланысты бұл мәселе қайта көтерілді. Мысыр Премьер-Министрінің жеке араласуымен бас мердігер мен Көне ескерткіштер министрлігі арасындағы келіспеушілік шешілді. Сондықтан жақын арада, осы күндері мешітті қалпына келтіру жобасы қайтадан басталады. Министрдің маған берген уәдесіне сәйкес, мешітті қалпына келтіру жүмыстарының басталуынан аяқталуына дейін 12 ай кетеді. Яғни, сол 12 айдың ішінде жұмыстар толық аяқталады деп сенемін», — деді Арман Исағалиев.

ҚазАқпарат

Бүгін, 11:35
Мұрат ақын және Ноғайлы жырлары
12 қазан, 12:14
Тренинг немесе мен қалай оқуымды бітіре алмадым?
12 қазан, 12:08
Желідегі маркетинг шаң қаптырмасын
08 қазан, 14:52
Арқа (әңгіме)
28 қыркүйек, 12:39
Таңдаулы оқулықтар ғана аударылады
28 қыркүйек, 12:14
Ең басты мәселе – өңірлік және жаһандық қауіпсіздік
24 қыркүйек, 11:25
«Тозақ отынан» оралған әйел
21 қыркүйек, 11:17
"Чайка" жігіттер