jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

«Йақын Инкар» ұйымы экстремистік деп танылды

12 қазан, 18:17
37

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы «Таблиғи Жамағат» экстремистік ұйымының (Қазақстан аумағында тыйым салынған) негізінде құрылған «Йақын Инкар» ұйымының еліміздегі заңсыз қызметін анықтады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Бас прокуратураның ресми сайтында мәлім етілгендей, «Йақын Инкар» ұйымының шынайы мақсаты — жекелеген мемлекеттерде, соның ішінде Қазақстан аумағында конституциялық құрылысты күштеп өзгерту, егемендікті бұзуды болжайтын «халифат» құру. «Аталған ұйымның ұстанушылары қақтығысқа алып келу мүмкіндігін біле, тұра өзге діндерді жоққа шығаруда. Бұл әрекеттер діни экстремизм ұғымының белгілеріне сай келеді. «Йақын Инкар» мүшесі болған Қазақстанның жекелеген тұлғалары біздің еліміздің аумағында экстремистік әрекет жасағандықтары үшін бас бостандықтарынан айыруға сотталған (Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотының 10.04.2018 жылғы үкімі). Қылмыстық істер шеңберінде осы ұйым мүшелерінің Қазақстан аумағында топтар құру ниеттері болғандығы анықталды. Осындай негіздер бойынша «Йақын Инкар» ұйымы Қырғызстанда экстремистік деп танылған. Осыған байланысты, Астана қаласының прокуратурасы, «Прокуратура туралы» Заңмен көзделген өкілеттіктерін іске асырып, сотқа «Йақын Инкар» ұйымын экстремистік деп тану туралы арызбен жүгінді. Астана қаласының Есіл аудандық сотының 2018 жылғы 10 қазандағы шешімімен аталған арыз толық көлемде қанағаттандырылды», — делінген Бас прокуратура хабарламасында. Атап өтілгендей, сот «Йақын Инкар» ұйымының әрекетін экстремистік деп таныды. Сондай-ақ ақпараттық материалдарды тарату және бұқаралық ақпарат құралдарын, телекоммуникацияны, әлеуметтік желілер, мессенджерлер мен бейнехостингтерді пайдалану арқылы қызметін жүргізуге Қазақстан Республикасының барлық аумағында тыйым салды. «Құрметті азаматтар, Бас прокуратура сот шешімінен кейін «Йақын Инкар» экстремистік ұйымының әрекетіне қатысқаны және қаржыландырғаны үшін Қылмыстық кодекстің 182, 258 және 405-баптарына сәйкес қылмыстық жауапкершілік көзделгенін атап өтеді. «Қатысу» әрекетіне «Йақын Инкар» ұйымының идеясын үгіттеу және насихаттау, оның жарияланымдарын, парақшаларын, посттарын, пікірлерін және басқа да ақпараттық материалдарын дайындау, шығару, көбейту және тарату жатады. «Қаржыландыру» ұғымына «Йақын Инкар» ұйымына ақшаны, өзге де мүлікті беру немесе жинау, сыйға тарту, айырбастау, қайырмалдық жасау, спонсорлық және қайырымдылық көмек, ақпараттық және өзге де қызмет түрлерін көрсету жатады», — деп нақтылады ведомстводан.

Бүгін, 11:35
Мұрат ақын және Ноғайлы жырлары
12 қазан, 12:14
Тренинг немесе мен қалай оқуымды бітіре алмадым?
12 қазан, 12:08
Желідегі маркетинг шаң қаптырмасын
08 қазан, 14:52
Арқа (әңгіме)
28 қыркүйек, 12:39
Таңдаулы оқулықтар ғана аударылады
28 қыркүйек, 12:14
Ең басты мәселе – өңірлік және жаһандық қауіпсіздік
24 қыркүйек, 11:25
«Тозақ отынан» оралған әйел
21 қыркүйек, 11:17
"Чайка" жігіттер