jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

«Алтын белгі» иегері 9 жылға сотталды

12 қазан, 12:58
126

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында №19 мектептің түлегі Азат Дүсіповті өлтірді деп айыпталған физикалық-математикалық мектептің түлегі, «Алтын белгі» иегері Бекназ Кеншілікке қатысты сот үкімі шықты.

Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі 9-тармағына сәйкес, соттың үкімімен 9 жылға сотталды. Айта кетейік, сотталушы 18 маусымнан бері қамауда болған еді. Прокурор Азамат Байболатов оқыған айыптау актісінде Бекназ бен Азаттың 2018 жылдың 25 мамырында түлектердің оқу аяқтағандарын атап өтіп жатқан жерде кездескені айтылады. Еске сала кетейік, № 19 мектептің оқушысы Азат Дүсіпов 17 маусымда «Ақтөбе» — «Ордабасы» футбол ойынан кейін өлтірілген болатын. Азаттың достарының айтуынша, зардап шегуші де, күдікті де сол күні Орталық стадионда болған, алайда бірін-бірі танымаған. Екеуінің арасындағы кикілжің түнгі сағат он екіде Түрген көшесінің бойындағы жатақхана ғимаратының артында болған. Төбелес болған жерде бақылау камералары болмаған екен. Тамаққа тиген пышақтан 17 жастағы мектеп түлегі Облыстық клиникалық балалар ауруханасында қайтыс болған.

Дереккөз: Tengrinews.kz

14 желтоқсан, 11:54
Жадымыздасың, Желтоқсан!
07 желтоқсан, 13:04
Ыдырыс Мұстамбайұлы
07 желтоқсан, 12:58
Кебенекті біліесіз бе?
07 желтоқсан, 12:54
Әзірге ұсыныс
07 желтоқсан, 11:39
Дуа мен дауа немесе Айтолқынның айласы
30 қараша, 12:29
Құзорда - Баласағұн
30 қараша, 12:22
Шанақтан шыққан шатақ
29 қараша, 15:06
Bitcoin құнсызданып барады