jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Шымкентте 56 жастағы ер адам көршісінің 7 жасар қызын зорлады

11 қазан, 12:45
597

Шымкентте көршісінің 7 жасар қызын зорлаған 56 жастағы ер адам ұсталды.

Бір перзентке зар боп жүрген ер адам 2-ші сынып оқушысын зорлаған. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады. Жасы алпысты алқымдаған шымкенттік көршісінің 7 жасар қызын өз үйіне ертіп әкеп азғындық әрекеттерін жасаған. Өзі отбасылы, зайыбы жұмыста болған уақытты пайдаланып, арам пиғылын іске асырған.

2011 жылы туған қыз бала апасының қарауына қалдырылған екен. Бүлдіршіннің әке-шешесі сұмдық жағдай орын алған кезде жұмыста болған. Күдіктінің өзі бұл іске алкогольді ішімдік ішіп, яғни мас халде барғанын айтып отырған көрінеді.

1962 жылы туған күдіктіні тәртіп сақшылары құрықтады.

«Ол ҚР ҚК нің 121-бабы, 4-ші бөлігімен айыпталып отыр. Шымкент қалалық мамандандырылған тергеу соты күдіктіні тергеу кезінде қамауға алу туралы санкция берді», — деп хабарлады Шымкент қаласы тергеу сотының судьясы Сержан Айнабеков.

Бүгін, 11:35
Мұрат ақын және Ноғайлы жырлары
12 қазан, 12:14
Тренинг немесе мен қалай оқуымды бітіре алмадым?
12 қазан, 12:08
Желідегі маркетинг шаң қаптырмасын
08 қазан, 14:52
Арқа (әңгіме)
28 қыркүйек, 12:39
Таңдаулы оқулықтар ғана аударылады
28 қыркүйек, 12:14
Ең басты мәселе – өңірлік және жаһандық қауіпсіздік
24 қыркүйек, 11:25
«Тозақ отынан» оралған әйел
21 қыркүйек, 11:17
"Чайка" жігіттер