jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Қапшағайда денесі екіге бөлінген мәйіт табылған

11 қазан, 12:24
287


Алматы облысына қарасты Қапшағай қаласындағы теміржолдың бойынан денесі қақ ортасынан бөлінген ер адамның мүрдесі табылды.

ҚазАқпарат  жазғандай, қазір оқиға орнынан түсірілген жантүршігерлік суреттер ватсап желісі арқылы тарап жатыр. Суретте ер адамның мәйітінің жанында шөлмек пен оның сыртқы киімі жатқанын анық көруге болады. Қапшағай қалалық әкімдігі оқиғаны растады. Олар берген мәліметке сәйкес, жантүршігерлік жағдай қазанның сегізі күні күндізгі сағат 9:50-дер шамасында болған. 1982 жылғы Нұрлан К.Ж. есімді азаматты тепловоз қағып кеткен. Берілген ақпараттың ішінде, қайтыс болған азамат казинолардың бірінде ойнап, жеңіліп қалған. Марқұмның мүрдесі табылған жерден «Мороша» ішімдігі, «Ричмонд» темекісі және сыртқы киімі табылған. Денесі қақ ортасынан бөлінген азамат Қарасай ауданының тұрғыны екен.

14 желтоқсан, 11:54
Жадымыздасың, Желтоқсан!
07 желтоқсан, 13:04
Ыдырыс Мұстамбайұлы
07 желтоқсан, 12:58
Кебенекті біліесіз бе?
07 желтоқсан, 12:54
Әзірге ұсыныс
07 желтоқсан, 11:39
Дуа мен дауа немесе Айтолқынның айласы
30 қараша, 12:29
Құзорда - Баласағұн
30 қараша, 12:22
Шанақтан шыққан шатақ
29 қараша, 15:06
Bitcoin құнсызданып барады