jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Астанада 14 мыңнан астам саяжай үйі сүріледі

11 қазан, 17:14
38

Астана қаласында 14 мыңнан астам саяжай үйі сүріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еlorda.info сайтына сілтеме жасап.

Бүгінде Астанада 108 саяжай қауымдастығы бар. Оларда 14 166 саяжай учаскелері орналасқан. 1998 жылы Астананың аумағында 38 544 саяжай болған. Соңғы жиырма жылдың ішінде олардың 24 378-і сүрілген. «Қаланың ішіндегі барлық саяжайлар сүріледі. Қабанбай батыр даңғылының сол жағындағы саяжай алабы келесі жылы түгелдей алынады. Сондай-ақ Назарбаев Университетіне жетпей, оң жақта саяжай алабы бар. Инвесторлар жерді сатып алып, күреу мәселесімен айналысып жатыр. Әрі қарай спорт нысандарының ауданындағы саяжайларды сүру көзделген. «Хан шатыр» сауда, ойын-сауық орталығының артындағы саяжайлар да босатылады. Қаланың ішіндегі барлық саяжай телімдері инвесторлардың есебінен сүріледі», — деді «Астана бас жоспары» ҒЗЖИ» ЖШС бас сәулетшісі Арсений Пирожков. Оның айтуынша, сүру жұмыстары нақты қай уақытта жүргізілетіні әзірге белгісіз. «Қаржыландыруға байланысты, инвесторларда ақша болған кезде, бұзу жұмыстары басталады. Біз нарықтық қатынастан аттап кете алмаймыз», — деді ол. Сүрілген ескі нысандардың орнында жүргізілетін құрылыстың жоспарын мына сайттан көруге болады. Аталмыш сайтта тек сүрілетін саяжайлар ғана емес, басқа да тозығы жеткен нысандар мен олардың орнына салынатын мектеп, балабақша, тұрғын үй және тағы басқалары туралы мәлімет бар.

14 желтоқсан, 11:54
Жадымыздасың, Желтоқсан!
07 желтоқсан, 13:04
Ыдырыс Мұстамбайұлы
07 желтоқсан, 12:58
Кебенекті біліесіз бе?
07 желтоқсан, 12:54
Әзірге ұсыныс
07 желтоқсан, 11:39
Дуа мен дауа немесе Айтолқынның айласы
30 қараша, 12:29
Құзорда - Баласағұн
30 қараша, 12:22
Шанақтан шыққан шатақ
29 қараша, 15:06
Bitcoin құнсызданып барады