jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Алматылықтар күйзеліске көбірек түседі екен

11 қазан, 15:02
46


Алматыда күйзеліс пен рухани дертке шалдығып, өмірін өлімге қиятын тұрғындар саны артып келеді.

Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.
Мамандар әлемдік психикалық күй күніне орай күйзеліске түскендер көрсеткішін жария етті.
Сонымен, Алматыдағы психологтар мәліметінше, осы жылы мәселесін айтып келгендер саны 46 мыңға жеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда мың адамға артық дейді олар.
Оңтүстік астанада диспансерлік есепте қазір 10 600 науқас тұрады екен. Оның 75 пайызы шизофренияға шалдықса, қалған 25 пайызы ми зақымдануымен және жарыместікпен ауыратындар.
Сондай-ақ, соңғы уақытта өз өмірін өлімге қиғысы келетіндер саны да артыпты. Ресми статистика бойынша қалада 700 жағдай тіркелген.
Сарапшылар психикалық күйдің нашарлауы жұмыстағы күйзелістік жағдайлармен, отбасылық кикілжіңдермен және генетикалық ауытқулармен байланысты дейді.
Дәрігерлер халықтан уақытылы көмекке жүгінуін сұрайды.

Бүгін, 11:35
Мұрат ақын және Ноғайлы жырлары
12 қазан, 12:14
Тренинг немесе мен қалай оқуымды бітіре алмадым?
12 қазан, 12:08
Желідегі маркетинг шаң қаптырмасын
08 қазан, 14:52
Арқа (әңгіме)
28 қыркүйек, 12:39
Таңдаулы оқулықтар ғана аударылады
28 қыркүйек, 12:14
Ең басты мәселе – өңірлік және жаһандық қауіпсіздік
24 қыркүйек, 11:25
«Тозақ отынан» оралған әйел
21 қыркүйек, 11:17
"Чайка" жігіттер