jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Ақтөбеде «Алтын белгі» иегері 9 жылға сотталуы мүмкін

11 қазан, 16:11
19

Ақтөбеде өз құрдасын пышақтап тастаған Бекназ Кеңшілік 9 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бүгін сотта жарыссөз басталды.

Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында мектеп түлегінің өліміне қатысты іс қаралып жатыр. Бүгін жарыссөз басталды. «Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабы бойынша айыпты деп танып, 9 жылға бос бостандығынан айыруды сұраймыз. Ол жазасын кәмелетке толмағандарға арналған қауіпсіздігі орташа мекемеде өтесін», — деді мемлекеттік айыптаушы Азамат Байболатов. Ал қаза болған Азат Дүсіповтің әкесі ақша ұсынған айыпталушыларға ренішін білдірді. Ол баласын сатпайтынын, өмірін ақшамен есептемейтінін жеткізді. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ақтөбеде екі мектеп түлегі арасындағы өзара келіспеушілік өліммен аяқталды. Пышақ жарақатынан №19 орта мектептің түлегі Азат Дүсіпов аурухананың жансақтау бөлімінде қаза тапты. Сотқа дейінгі талдау кезінде айыпталушының қорғаушылары қаза болған Азат Дүсіповтің ата-анасынан кешірім сұрады. Ал негізгі сот отырысы кезінде екі жігіт арасындағы жанжал би алаңында басталғаны белгілі болды.

ҚазАқпарат

Бүгін, 11:35
Мұрат ақын және Ноғайлы жырлары
12 қазан, 12:14
Тренинг немесе мен қалай оқуымды бітіре алмадым?
12 қазан, 12:08
Желідегі маркетинг шаң қаптырмасын
08 қазан, 14:52
Арқа (әңгіме)
28 қыркүйек, 12:39
Таңдаулы оқулықтар ғана аударылады
28 қыркүйек, 12:14
Ең басты мәселе – өңірлік және жаһандық қауіпсіздік
24 қыркүйек, 11:25
«Тозақ отынан» оралған әйел
21 қыркүйек, 11:17
"Чайка" жігіттер