jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Жаңбырда қайықпен жүрген екі жігіт ақталды

14 қыркүйек 2018, 12:42
115

Астана қаласының соты нөсер жаңбырдан кейін жайылма су басып кеткен көшеде қайықпен жүзген тұрғындарға салынған айыппұлды алып тастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл ақпаратты Астана қалалық сотының баспасөз қызметі растады. «Біздің шағымымыз бойынша Астана қаласының соты су басқан көшеде қайықпен жүзгендерге салынған айыппұл қаулысының күшін жойды. 11 қыркүйек күні қала прокурорының орынбасары қаулыға апелляциялық өтінім түсіріпті. Дмирий мен Жандосты құттықтаймыз», — деп жазды заңгер Сергей Сизинцев әлеуметтік желідегі парақшасында. Айта кетейік, 20 тамыз күні елордада толассыз жауған нөсерден қала көшелерін су басты. Жайылма су басқан көшелерде екі жігіт қайықпен жүзген. Бұл әрекетті Астана қалалық ІІД ұсақ бұзақылық деп бағалап, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 434-бабына сәйкес хаттама толтырған және қалалық сот олардың әрқайсысына 5 АЕК (12 мың 025 теңге) айыппұл салған болатын.

15 наурыз, 16:50
Соңында аяқсыз қалады
15 наурыз, 16:40
Мақтанайық Димашпен!
15 наурыз, 14:56
Дос Көшім: Бір жылда шотланд тілін үйреніп алды
15 наурыз, 14:38
Ақтық сапардың сауалы
15 наурыз, 14:31
Өзегін өкініш өртейді
15 наурыз, 14:25
Шәмшінің досы көшеде жүр
11 наурыз, 13:07
Самал Еслямова: Әйел бейнесі махаббаттан тұрады
01 наурыз, 12:36
Ермегім - елде жоқты жинау