jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

«Самұрық-Қазынада» «Цифрлы жаз-2018» бағдарламасын қорытындылады

14 қыркүйек 2018, 19:15
56


Тағылымдама бағдарламасы бойынша 33 жас маман «Самұрық-Қазына» Қорының компанияларына жұмысқа қабылданады.
Тағылымдама бағдарламасы «Цифрлы Қазақстан» кешенді бағдарламасының аясында жүзеге асырылды және Астана, Алматы, Атырау, Павлодар және Өскемен қалаларын қамтыды. Қатысуға барлығы 2100 өтініш келіп түсті. Тағылымдама нәтижесінде 65 адам алдыңғы қатарлы IT компаниялардан дәріс алып, Қор компанияларында тәжірибе жинады.

«Ол, біріншіден, еліміздің ең ірі ұлттық компанияларында жұмыс істеу мүмкіндігі, ойыңдағыны орындау, жаңа білім алу және іс жүзінде машықтану мүмкіндігі. Мұндай байқау бізде басқа болған емес», — деді «Самұрық-Қазына» АҚ Операциялық қызмет жөніндегі басқарушы директоры Әлішер Пірметов.

2016-2018 жылғы түлектер тағылымдама барысында Қордың электрондық құжат айналымына көшу жобасын әзірлеуге ат салысып, серверлерді жүргізуге көмектесіп, телеграм-ботқа арналған Java тіліндегі жаңа бұйрықтарды дайындады.
Тағылымдама нәтижесінде 33 маман Қазақстанның ең ірі компанияларында жұмысқа ие болады.
«Қазіргі IoT, Big Data, Machine Learning сияқты бағдарламаларға техникалық кеңесшілер мен бизнес-сарапшылар қажет. IT мамандарына осы салаларды игерген дұрыс»,-деп атап өтті «Цифрлық жаз — 2018» бағдарламасының жоба менеджері Маржан Отарбаева.

15 наурыз, 16:50
Соңында аяқсыз қалады
15 наурыз, 16:40
Мақтанайық Димашпен!
15 наурыз, 14:56
Дос Көшім: Бір жылда шотланд тілін үйреніп алды
15 наурыз, 14:38
Ақтық сапардың сауалы
15 наурыз, 14:31
Өзегін өкініш өртейді
15 наурыз, 14:25
Шәмшінің досы көшеде жүр
11 наурыз, 13:07
Самал Еслямова: Әйел бейнесі махаббаттан тұрады
01 наурыз, 12:36
Ермегім - елде жоқты жинау