jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Құжат мақұлданды

14 қыркүйек, 17:06
931

Қазақстан Парламенті Мәжілісінің сәрсенбі күнгі жалпы отырысында бірқатар ратификациялық заң жобалары мақұлданды. Оның бірі – «Қазақстан, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы арасындағы үш мемлекеттің мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесінің ауданы туралы шартты ратификациялау туралы» құжат.

Шарттың басты мақсаты – үш мемлекеттің шекараларының түйісу нүктесінің орналасқан жерін айқындау. Сонымен қатар төменгі палата бірқатар жаңа заң жобаларын жұмысқа алды. Олар – «Авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық негізде басқару тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» және ТМД қатысушы мемлекеттердің терроризмге және экстремизмнің өзге де зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы күресті жүзеге асыратын құзыретті органдарды материалдық-техникалық қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобалары.

Күн тәртібінде қаралған маңызды құжаттың бірі – «Қазақстан-Қырғызстан мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шартты ратификациялау» туралы заң жобасы. Екі ел арасындағы шекараны шегендеу туралы шартқа 2017 жылғы 25 желтоқсанда Астанада Қырғыз Республикасы мемлекет басшысының Қазақстанға ресми сапары шеңберінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев және Қырғыз Президенті Сауронбай Жиенбеков қол қойған еді. Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Мұхтар Тілеубердінің айтуынша, шарттың басты мақсаты – екі ел арасындағы шекара сызығын халықаралық құқықтық деңгейде бекіту. Вице-министрдің сөзінше, мемлекеттік шекара сызығының ұзындығы 1257,07 шақырымды құраған-ды. 1055 шекаралық бағана орнатылған. «Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі бағыттарының бірі – еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін мемлекеттік шекараны халықаралық құқықтық рәсімдеу болып табылады. Қалыптасқан геосаяси жағдайларла шекараны шегендеудің мүмкіндігінше жақын мерзімде аяқтау мемлекетіміздің аумақтық тұтастығына, шекараның мызғымастығына және ел егемендігіне тудыруы мүмкін қауіп-қатерлерді болдырмау үшін ерекше өзекті болып табылады», – сыртқы істер министрінің орынбасары Мұхтар Тілеуберді. Талқылау барысында депутаттар мемлекеттік шекараны шегендеуде Елбасының да ерен еңбегін айрықша атап өту қажеттігін алға тартты. «Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік шекарамызды құқықтық рәсімдеу мәселесіне ерекше назар аударып келеді. Президент өзінің «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабында «Қазақстанның мемлекеттік шекарасын саяси растаудың, заң жүзінде рәсімдеудің және халықаралық дәрежеде мойындалуының тарихи маңызын айтып жеткізу мүмкін емес. Достар үшін ашық, жат пиғылдылар үшін жабық мемлекеттік шекараның бекітілуі Қазақстан Республикасының егемендігін әйгілей түсті, ұзақ мерзімге тұрақты бейбітшілікті қамтамасыз етті» деп атап өткен болатын. Мемлекеттік шекара БҰҰ Жарғысымен және Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының 1975 жылғы қорытынды актісімен бекітілген іргелі халықаралық құқық қағидаттарының бірі болып табылады. Осыны ескерсек, бұл шарт еліміз үшін ерекше маңызды», – деді депутат Қожахан Жабағиев. Оның сөзіне қарағанда, шарт екі ел арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың 150-ден астам құжаттан тұратын шарт-құқықтық базасын толықтырады.
Бұдан басқа, шартта мемлекеттік шекараның бастапқы және соңғы түйісу нүктелері айқындалған. Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Сенатқа жолданады. Мәжілістің жалпы отырысында, сондай-ақ, халық қалаулылары А.Нұркина, Ш.Нұрымов, Б.Смағұл, К.Мұсырман, Т.Сыздықов, Е.Никитинская, А.Қоңыров бірқатар мемлекеттік органдардың басшыларына бірнеше депутаттық сауалдар жолдады.

Бейсен НАРЫНБЕК

Бүгін, 11:35
Мұрат ақын және Ноғайлы жырлары
12 қазан, 12:14
Тренинг немесе мен қалай оқуымды бітіре алмадым?
12 қазан, 12:08
Желідегі маркетинг шаң қаптырмасын
08 қазан, 14:52
Арқа (әңгіме)
28 қыркүйек, 12:39
Таңдаулы оқулықтар ғана аударылады
28 қыркүйек, 12:14
Ең басты мәселе – өңірлік және жаһандық қауіпсіздік
24 қыркүйек, 11:25
«Тозақ отынан» оралған әйел
21 қыркүйек, 11:17
"Чайка" жігіттер