jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Банктердің заңсыз комиссиясы: Келісімшарттың тілі — күрделі, ал әріптері — ұсақ

14 қыркүйек, 16:23
31

Сотқа екінші деңгейлі банктердің заңсыз комиссияларына қатысты арыз-шағымдар көптеп түсуде, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Жоғарғы сотының судьясы Ақылтай Касимовтың айтуынша, республика бойынша банктердің жұмысына қатысты қарапайым азаматтар да, кәсіпкерлер де жиі арызданады. «Мәселен, несие бойынша қызмет көрсету комиссиясын қайда және қалай жазғанын білмей қаласың. Заем туралы келісімшартты алып оқысаңыз, ештеңе түсінбейсіз. Тілі күрделі, ал әріптері ұсақ. Басынан бастап аяғына дейін оқып шықсаң да, мәселенің мәнісіне жете алмайсың. Сонда нақты қандай процент болады? Қанша төлеу керек? Оны анықтау мүмкін емес», — деді А.Касимов «Атамекен» ҰКП Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі кеңестің бүгінгі отырысында. Судьяның сөзіне қарағанда, сотқа түскен материалдардың ішінде нақты мысалдар да бар. Адам банктен ақшаны алғаннан кейін оны әлдеқайда көп мөлшерде қайтаруға мәжбүр. Себебі ішінде процент, комиссия және тағы басқа ақылар бар. «Қазір Жоғарғы сотқа сол комиссияларға қатысты арыз-шағымдар көптеп түсуде. Осыған байланысты «Банк және банк қызметі туралы» заңның 36-бабына өзгеріс енгізу жөнінде ұсыныс жасалды. Сол жерде нақты қандай комиссиялар заңды екенін анықтап жазу қажет», — деп атап көрсетті А.Касимов. Айта кетейік, кеңестің бүгінгі отырысында кәсіпкерлер арасындағы келісімшарттарды орындау мәселесі қаралды. Бүгінде «Атамекен» палатасына түсетін арыздар ішінде бизнесмендер арасындағы дауларға қатысты шағымдар аз емес. Олар бір-біріне ақша төлемейді. Тіпті, серіктестік келісімін рәсімдесе де, алаяқтық жолмен әріптестің мүлкін ұрлау фактілері де бар. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетовтың сөзіне қарағанда, кәсіпкерлердің келісімшарт міндеттерін орындай алмауына мемлекеттік органдар да кінәлі. Олар ақшаны уақытында бермейді. Содан бизнесмендер өз әріптестеріне ақшаны төлей алмай жүреді. «Мәселен, бизнесмен тендерді ұтып алады. Ал мемлекеттік орган оған ақшаны төлемей қойды. Содан бүкіл тізбек кете береді. Кәсіпкер өз әріптесіне ақша бере алмайды. Солай ары қарай кетеді. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 2,5 мыңнан астам шағын және орта бизнес кәсіпорындары жабылайын деп жатыр», — дейді Б.Палымбетов.

Осы орайда «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов маңызды бір мәселені еске салды. «Бізде мемлекеттік органдардың бірінші басшысы ауысса, бірден барлық келісімшарттар жойылады. Әкім, министр болсын, келісімшарттарды бірден бұза салады. Өте қызықты үрдіс…», — дейді Р.Жүрсінов.

21 қыркүйек, 11:17
"Чайка" жігіттер
14 қыркүйек, 17:06
Құжат мақұлданды
14 қыркүйек, 16:54
Ертегіші қыз
14 қыркүйек, 16:46
Латын әліпбиіне көшу - қазақ тілінің жаңа белесі
31 тамыз, 12:05
Түйткілді дипломатиялық жолмен шешу керек
24 тамыз, 12:21
Ұлы тұлғалармен сұхбат
24 тамыз, 12:03
Қаңғыбас бала қайдан шығады?
24 тамыз, 11:56
Баукеспе