jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Ақтөбеде наиб-имам әйел адамды көлігімен қағып өлтірді

14 қыркүйек, 14:24
72

7 қыркүйек күні Ақтөбеде наиб-имам әйел адамды жаяу жүргіншілер жолағында қағып кетті деп жазады Aktobetimes.kz.

«7 қыркүйек күні Актобе-Орск автожолындағы жаяу жүргіншілер жолағында 30 жастағы «Лада-Гранта» автокөлігінің жүргізушісі 57-дегі әйелді қағып кетті. Алған жарақатынан әйел ауруханада көз жұмды», – дейді Ақтөбе облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Полицейлер бұдан басқа мәлімет бермей отыр. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ал көршілері оқиғаны былай баяндайды:

«Ол әйелмен Комсомол ауданында бірге тұрғанмын. Кейін Ақтөбеге көшіп кеткен. Жақсы араласып едік. Обал болды. Оны ескі мешіт имамының орынбасары қағып кеткен. Жерлеу рәсіміне кететін шығынды өздері көтеріп жатыр екен», – дейді марқұмның ескі танысы.

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты қандай да бір ақпарат беруден бас тартты.

16 қараша, 15:03
Өткір мәселе өзекті өртейді
16 қараша, 13:56
Қашан да құнды
16 қараша, 12:21
Улы дәріден сақтаныңыз!
16 қараша, 12:09
Тақиялы періште: тақиясы табылмай тұр
16 қараша, 10:16
Бұл идея экономикаға қауіпті!
09 қараша, 14:53
Гүлзат Көбек: Арзанның жілігі татымайды
09 қараша, 14:36
Полиция: Реформа киім ауыстырудан басталады
09 қараша, 14:26
Айқайға қиқу қосып...