jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Шахтинскіде жантүршігерлік жол апаты болды (видео)

12 шiлде, 12:23
254

Қарағанды облысындағы Шахтинск қаласында жантүршігерлік жол апаты болды. Шахталардың бірі мен Солтүстік-Батыс елдімекенінің арасында КамАЗ жүк көлігі мен жеңіл көлік соғысып қалды деп хабарлайды NUR.KZ.

Апат салдарынан жас жігіт қаза тауып, үш адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген.

«Жол-көлік оқиғасы кезінде осы трассаның бойымен кетіп бара жаттым. Қорқынышты көрініс. Golf қарама-қарсы жолға шығып, КамАЗ-ға соқтығысқан болуы керек. Жеңіл көліктің түгі қалмаған, ішінен адамдар салбырап тұрды. Бір жігіт қайтыс болып, үш адам ауыр халде ауруханада жатыр», — деп айтты куәгер.
Сондай-ақ, куәгерлердің сөзінше, жол апаты болған жерде бұрын да жол-көлік оқиғалары болған екен.

«Бұл жерді қарғыс атқан секілді. Ол жақта үнемі адамдар өліп жатады. Бұрын ол жақта КарЛАГ орналасқаннан ба екен екен деп те ойлап қоямын. Өзімді ол жерде жаман сезінемін», — дейді ырымшыл адамдар.
Жол-көлік патрульдері апаттың себептерімен айналысып жатыр. Аймақтың ІІД болған жайтқа қатысты түсіндірмені кейін айтатындарын жеткізді.

16 қараша, 15:03
Өткір мәселе өзекті өртейді
16 қараша, 13:56
Қашан да құнды
16 қараша, 12:21
Улы дәріден сақтаныңыз!
16 қараша, 12:09
Тақиялы періште: тақиясы табылмай тұр
16 қараша, 10:16
Бұл идея экономикаға қауіпті!
09 қараша, 14:53
Гүлзат Көбек: Арзанның жілігі татымайды
09 қараша, 14:36
Полиция: Реформа киім ауыстырудан басталады
09 қараша, 14:26
Айқайға қиқу қосып...