jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Алматы Арбатында ағаштарды біреулер кесіп тастаған

12 шiлде, 12:43
5

Алматы Арбатындағы қарағаштардың бұтағын жеке коммуналдық қызмет жұмысшылары кесіп тастаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Заңсыз оқиғаны Арбатқа жақын орналасқан үйлердің тұрғындары байқаған. Жайқалып тұрған жасыл ағаштардың бұтағын шауып, жапырағын жайратып тастапты. Әр жерде жалаң діңдер ғана қалған. Коммуналдық қызмет жұмысшылары апатты жағдайдағы әрі жас өскіндерге кедергі келтіретін кәрі ағаштарды кесіп жатқандарын айтып ақталған. Алайда олар қай мекемеде жұмыс істейтінін айтпаған. Тіпті бұл ағаштарды кесуге берілген рұқсат қағаздары да болмаған. Қала әкімдігі ағаштардың заңсыз кесілгенін растады.

«12 шілде күні 4 жапырақты ағаш түрінің заңсыз кесілгені анықталды. Сондай-ақ қала меншігіндегі орындықтар мен қоқыс салғыштарға, тротуар плиткасына залал келген. Құқық қорғау органдары мен табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қызметкерлері әкімшілік құқық бұзушылықтың мән-жайын анықтап жатыр. Қолданылатын шаралар туралы алдағы уақытта қосымша хабарлаймыз»,-деді қалалық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасындағылар.

13 шiлде, 14:43
Әлихан Бөкейхановтың ауылы
13 шiлде, 12:52
Журналистикаға оралуды армандадым
13 шiлде, 12:40
Топырақ иісі немесе қарашығында Қарағандысы қалған ұл
06 шiлде, 12:28
Мұқағали бейнесі әлі есімде
06 шiлде, 12:04
Алтын кеседегі көл "жасы"
06 шiлде, 11:52
Болат найза, немесе Тархан Жәнібек туралы не білеміз?
02 шiлде, 11:01
Мыс шаһардың бүгіні мен ертеңі
29 маусым, 11:38
Мойыл терген қыз, мойымай өткен ана