jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Әлемдегі ең ұзын тырнақ иесі оны кесіп тастады (видео)

12 шiлде, 16:16
16

Әлем бойынша тырнағы ең ұзын адам оны 66 жылдан кейін кесті. Бұл туралы Гиннес рекордтар кітабының жеке парақшасында хабарланды, деп жазады Stan.kz.

Үндістанның Пун қаласының тұрғыны Шридхар Чиллал оң қолының тырнағын бала күнінен өсірген. 82 жастағы зейнеткердің тырнағын соңғы рет өлшегенде олардың жалпы ұзындығы тоғыз метр, 9 сантиметр болған. Чиллалдың ең қысқа тырнағы – сұқ саусағында, оның ұзындығы 1,64 метрді құрайды. Ал ең ұзын тырнағы 1,97 метр. Бүгінде тырнағын кесуге мәжбүр болған қария 2015 жылы әлемдегі тырнағы ұзын адам ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді.

Рекордтар кітабына кірген Чиллал тырнақтарының өте нәзік екендігін және оларды ұйықтап жатып сындырып алмас үшін, әрбір жарты сағат сайын оянып, қолын ауыстыруға тура келетінін айтты. Алайда, оның ата-анасы ұлдарының бұл ниетін құптамаған екен. Олар оған бұл тырнағымен ешқашан жұмыс таба алмайтындығын айтып, тырнағын алып тастауға кеңес берген. Бірақ, тырнақ өсіруге соншалықты құлшынған Чиллал фотограф ретінде қызметке орналасып, жұмыс істегенде камераны арнайы тырнақ ұстағышышпен қолданған.

Бірақ, ұзын тырнақ оның еркін жүріп-тұруына кедергі келтірген. Соның салдарынан ол қолын көтере алмай, ауырсынуды сезініп тырнағын кесіп тастауға мәжбүр болды. Себебі, тырнақтың салмағы мен ұзындығы оған қолын ашуға мүмкіндік бермеді.

«Жүрегім соққан сайын барлық бес саусағым, қолым және иығым қатты ауырады. Ал, тырнақтың асты ауырғаны соншалық, оған шыдау мүмкін емес», – деді ол.

14 қыркүйек, 17:06
Құжат мақұлданды
14 қыркүйек, 16:54
Ертегіші қыз
14 қыркүйек, 16:46
Латын әліпбиіне көшу - қазақ тілінің жаңа белесі
31 тамыз, 12:05
Түйткілді дипломатиялық жолмен шешу керек
24 тамыз, 12:21
Ұлы тұлғалармен сұхбат
24 тамыз, 12:03
Қаңғыбас бала қайдан шығады?
24 тамыз, 11:56
Баукеспе
24 тамыз, 11:45
Тағдырмен тайталас