jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Жасөспірім үш мың теңге үшін ауылдасын атты

11 шiлде, 17:24
43

Түркістан облысында 18 жастағы жігіт 3 мың теңге үшін өзінің ауылдасын атып тастады. Аталған жайт 7 шілде күні орын алған.
NUR.KZ. хабарлағандай, Мақтарал аудандық соты Жаңаауыл ауылдық округіне қарасты Ынтымақ ауылының 2000 жылы туған кәмелетке толмаған тұрғыны М. Карымды екі ай мерзімге қамауға алды (тергеу уақытында). Жасөспірімді Мақтаарал АІІБ-нің тергеу органдары ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (кәмелетке толмаған тұлғаны бұзақылық жасап, өлтіру) бойынша айыптап отыр.
Тергеу органдары берген ақпаратқа сәйкес, 7 шілде күні сағат кешкі жетілерге таман Ынтымақ ауылында айыпталушы бұзақылық жасап, өзінің құрдасының аяғына шолақ мылтықтан оқ атқан. Жасөспірімнің аяғындағы күретамырына зақым келген. Жас жігіт тез арада ауруханаға жеткізілгенімен, оны аман адып қалу мүмкін болмады. Ол сол күні ауруханада көз жұмған.
Алдын ала дерек бойынша, жастар арасындағы кикілжің қаражат үшін туындаған. Қайтыс болған баланың інісі айыпталушыға 3 мың теңге қарыз болған.

21 қыркүйек, 11:17
"Чайка" жігіттер
14 қыркүйек, 17:06
Құжат мақұлданды
14 қыркүйек, 16:54
Ертегіші қыз
14 қыркүйек, 16:46
Латын әліпбиіне көшу - қазақ тілінің жаңа белесі
31 тамыз, 12:05
Түйткілді дипломатиялық жолмен шешу керек
24 тамыз, 12:21
Ұлы тұлғалармен сұхбат
24 тамыз, 12:03
Қаңғыбас бала қайдан шығады?
24 тамыз, 11:56
Баукеспе