jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Қостанайлық полицейлер 9 келі есірткі тәркіледі

11 шiлде, 11:10
25

Қостанайлық тәртіп сақшылары есірткіге қатысты 84 заңбұзушылық фактісін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыстық ІІД есірткіге қарсы күрес басқармасының қызметкерлер 1 маусымнан бастап «Көкнәр» тазалық операциясын жүргізді.

Нәтижесінде есірткіге қатысты 84 заңбұзушылық фактісі анықталды. «Полицейлер 4 шілде күні Қостанай ауданында «ВАЗ-2114» маркалы автокөлігін тоқтатты. Көлікті тексеру кезінде 2 келі марихуана табылып, 44 жастағы қала тұрғыны қамауға алынды. Дәл осындай факт Рудный қаласында тіркелді. «ВАЗ-2112» автокөлігінде отырған 22 жастағы жолаушыдан 2 грамм героин тәркіленді. Ол есірткіні темекі қорабының ішіне жасырған», — деді облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь. Бүгінге дейін «Көкнәр» операциясы аясында 9 келі есірткі заттары тәркіленген. Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК 296-бабымен тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

16 қараша, 15:03
Өткір мәселе өзекті өртейді
16 қараша, 13:56
Қашан да құнды
16 қараша, 12:21
Улы дәріден сақтаныңыз!
16 қараша, 12:09
Тақиялы періште: тақиясы табылмай тұр
16 қараша, 10:16
Бұл идея экономикаға қауіпті!
09 қараша, 14:53
Гүлзат Көбек: Арзанның жілігі татымайды
09 қараша, 14:36
Полиция: Реформа киім ауыстырудан басталады
09 қараша, 14:26
Айқайға қиқу қосып...