jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Ер адам 3 жасар қызды сатып жібермек болған (видео)

11 шiлде, 15:14
179

Қытайдың Ганьчжоу қаласының көшесіндегі бақылау камераларына 3 жасар қыздың ұрланғаны түсіп қалған.

Stan.kz хабарлағандай,  белгісіз ер адам қызды тәттілермен алдап, мотоциклге отырғызып алып кеткен.  Сатып жібермек болған: Ер адам 3 жасар қызды тәттілермен алдап, камералардың алдында ұрлап кетті.
Видео кадрларынан бүлдіршінінң бейтаныс адаммен бірге кетуге бірден келіспегені байқалады. Алайда оған белсенді түрде қарсылық көрсеткен де жоқ. Қыздың әкесі оның жоғалып кеткенін байқаған бойды полицияға жүгінген. Полицейлер қыздың ұрлаған адамды табуға 18 сағат жұмсапты. Ертесі күні таңертең қылмыскер өз үйінде тұтқындалды. Сол жерден кішкентай қыз да табылды. Абырой болғанда, ол ешқандай жарақат алмаған.

Бала ұрлығы бойынша айыпталып, тұтқындалған ер адам қызды өз баласындай өсіргісі келгенін айтып ақталды.   Ал полициядағылар оның сөзіне күмін келтіріп, оның қызды сатып жібермек болғанына сенімді болып отыр.  Әзірге аталған іске қатысты тергеу амалдары жалғасып жатыр.

 

16 қараша, 15:03
Өткір мәселе өзекті өртейді
16 қараша, 13:56
Қашан да құнды
16 қараша, 12:21
Улы дәріден сақтаныңыз!
16 қараша, 12:09
Тақиялы періште: тақиясы табылмай тұр
16 қараша, 10:16
Бұл идея экономикаға қауіпті!
09 қараша, 14:53
Гүлзат Көбек: Арзанның жілігі татымайды
09 қараша, 14:36
Полиция: Реформа киім ауыстырудан басталады
09 қараша, 14:26
Айқайға қиқу қосып...