jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Елбасы «Бурабай» халықаралық шаңғы базасын аралады

11 шiлде, 14:19
43

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Щучье-Бурабай» курорт аймағындағы жаңа туристік нысандармен танысты.

ҚазАқпарат  хабарлағандай, сондай нысандардың бірі – Щучье қаласындағы «Бурабай» халықаралық шаңғы базасы.  Мемлекет басшысының сапары кезінде жаңа шаңғы базасында 200-ден астам спортшылардың оқу-жаттығу жиыны өтіп жатты. Қазақстанның трамплиннен секіру спортының ең мықты шеберлері жаңа кешеннің сапалы екендігін өздерінің шеберліктерімен көрсетіп берді. Елбасына «Щучье-Бурабай» курорты аймағын дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы және Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин есеп берді. «Осыған дейін туризмге онша көңіл бөлінбей келді. Әр нәрсенің өз уақыты бар. Жағдайы бар қазақстандықтар басқа елдердегі курорттарға барып, демалып жүрді.

Ендігі уақытта Қазақстанның көркем жерлерін отандастарымызға ғана емес, шетелдіктерге көрсететін уақыт жетті. Туризмді қуатты экономиканың бір саласы деп есептеуіміз керек. Қазір «Щучье-Бурабай» курортына барып-келуге барлық жағдай жасалған. «Астана-Көкшетау» автобаны салынды. Көкшетау әуежайы жұмыс істеп тұр. Енді Бурабай кентіне ішкі жолдар салып, адамдар демалатындай қолайлы жағдай туғызуымыз қажет. Бұл облыс әкімдіктердің шаруасы. Жалпы Бурабайды ғана емес, Имантау, Шалқар, Баянауыл, Түркістанда туризмді дамытуды қолға алуымыз қажет. Түркістан туризмді дамытуға өте қолайлы. Ең бастысы инфрақұрылымды дұрыстауымыз керек. Мен барлық облыстарға арнайы тапсырма беремін», — деді Н.Назарбаев өз сөзінде.

13 шiлде, 14:43
Әлихан Бөкейхановтың ауылы
13 шiлде, 12:52
Журналистикаға оралуды армандадым
13 шiлде, 12:40
Топырақ иісі немесе қарашығында Қарағандысы қалған ұл
06 шiлде, 12:28
Мұқағали бейнесі әлі есімде
06 шiлде, 12:04
Алтын кеседегі көл "жасы"
06 шiлде, 11:52
Болат найза, немесе Тархан Жәнібек туралы не білеміз?
02 шiлде, 11:01
Мыс шаһардың бүгіні мен ертеңі
29 маусым, 11:38
Мойыл терген қыз, мойымай өткен ана