jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Алматының аптабы шаңды боранға ұласты (видео)

11 шiлде, 17:20
35

Алматыда шақырайған ыстық күн шаңды боранға ауысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Табиғаттың тосын мінезін қала тұрғындары әлеуметтік желіге жариялап жатыр. Сағат 16:00-дер шамасында қаланың төменгі бөлігін қалың қара бұлт басып, жауын құйды. Қаланың жоғарғы бөлігінде қою бұлт аз уақытқа үйіріліп, кейін қайтадан сейіліп кетті. Алатау ауданындағы Момышұлы көшесінде қала тұрғындары шаңның астында қалды. Сонымен қатар, көшеде қаңбақтардың көшкіні жүрді. «Казгидромет» РМК бүгінгі ауа температурасы 22 градус болатынын, найзағай ойнап, жаңбыр жауатынын болжаған болатын. Ал мамандардың болжауынша, нағыз аптап ыстық тамыздың басында болмақ. Ауа температурасы 43 градусқа дейін көтерілмек.

16 қараша, 15:03
Өткір мәселе өзекті өртейді
16 қараша, 13:56
Қашан да құнды
16 қараша, 12:21
Улы дәріден сақтаныңыз!
16 қараша, 12:09
Тақиялы періште: тақиясы табылмай тұр
16 қараша, 10:16
Бұл идея экономикаға қауіпті!
09 қараша, 14:53
Гүлзат Көбек: Арзанның жілігі татымайды
09 қараша, 14:36
Полиция: Реформа киім ауыстырудан басталады
09 қараша, 14:26
Айқайға қиқу қосып...