jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Тоғыз жасар қызды 19 жастағы азамат зорламақ болған

19 маусым, 17:42
22

Шымкентте анасы азық түлікке жіберген тоғыз жасар бүлдіршінде сатушы жігіт зорламақ боп, жыныстық сипаттағы зорлық көрсеткен деп жазады NUR.KZ.

Дүкенге келген қыз бала керекті заттарын іздеп сөрелерге қарай еңкейе бергенде сатушы жігіт оған тиісіп, арам пиғылын жүзеге асыруға талпынған.

Шошып кеткен бүлдіршіннің шырылдап жылағанына қарамастан, жігіт оны жібергісі келмейді. Тек дүкенге басқа адамдар келіп қалғанда ғана кішкентай қыз әлгі жігіттен қашып құтылып, анасына болған жайды айтып берген.

Баласы үшін жан ұшырған әйел дүкенге келгенде сатушы бар кінәсін мойындаған. Алайда тергеп-тексеру және сот процесі кезінде жігіт кінәсін мойындамай, жазадан жалтаруға тырысады.

Дегенмен дүкенде болған оқиға толықтай бейнебақылау камерасына түсіп қалады. Сондай-ақ жапа шеккен бүлдіршінге сот медициналық психиатриялық сараптамасы жасалып, оның сөздері дәйекті екендігі дәлелденген.

Сонымен, мамандандырылған ауданаралық кәмелет жасына толмағандар ісі жөніндегі сотының үкімімен, кішкентай қызға тиіскен жігіт бес жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

«Қылмыстық кодекстің 124-бабы, яғни 16 жасқа толмаған тұлғаға қатысты зорлық зомбылық жасау бабы бойынша 19 жастағы азаматты 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Сот үкімі әлі күшіне енген жоқ», — дейді сот төрағасы Қанатбек Қоңыратбаев.

13 шiлде, 14:43
Әлихан Бөкейхановтың ауылы
13 шiлде, 12:52
Журналистикаға оралуды армандадым
13 шiлде, 12:40
Топырақ иісі немесе қарашығында Қарағандысы қалған ұл
06 шiлде, 12:28
Мұқағали бейнесі әлі есімде
06 шiлде, 12:04
Алтын кеседегі көл "жасы"
06 шiлде, 11:52
Болат найза, немесе Тархан Жәнібек туралы не білеміз?
02 шiлде, 11:01
Мыс шаһардың бүгіні мен ертеңі
29 маусым, 11:38
Мойыл терген қыз, мойымай өткен ана