jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Сағадиев сөз естіді

19 маусым, 13:30
131

Үкіметтің кезекті жиынында Алматының әкімі Бауыржан Байбек сейсмикалық құжаттардың білім министрлігінде ұзақ қаралып жатқанын, соған байланысты қаланың бас жоспарын бекіте алмай отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы jasqazaq.kz тілшісі хабарлады.

Байбектің баяндамасынан кейін Үкімет басшысы білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтен осы мәселеге қатысты жауап беруді сұрады.

«Ерлан Кенжеғалиұлы, жауап беріңіз. Не себепті кешеуілдеп жатыр? Әкім баяндамасында қаулы жобасы келісуден өтпей жатыр деп айтып өтті, — деді Сағынтаев министрге қарап.

Алайда Сағадиев мырза баяндаманы тыңдамаған болуы керек, Сағынтаевтың не сұрап отырғанын да түсінбей, жан-жағына жалтақтады.

«Баяндаманы тыңдамайсыз ғой… Жарайды, баяндама кім үшін айтылып отыр сонда? Үкіметте не үшін талқылауға саламыз, егер де оның бәрін тыңдамайтын болса», — деп ашуланды Сағынтаев.

Ал жиыннан кейін Ерлан Сағадиев журналистерге 6-сыныптың жаңадан шыққан дүние тарихы оқулығын оқып отырғанын айтып ақталды.

14 қыркүйек, 17:06
Құжат мақұлданды
14 қыркүйек, 16:54
Ертегіші қыз
14 қыркүйек, 16:46
Латын әліпбиіне көшу - қазақ тілінің жаңа белесі
31 тамыз, 12:05
Түйткілді дипломатиялық жолмен шешу керек
24 тамыз, 12:21
Ұлы тұлғалармен сұхбат
24 тамыз, 12:03
Қаңғыбас бала қайдан шығады?
24 тамыз, 11:56
Баукеспе
24 тамыз, 11:45
Тағдырмен тайталас