jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

«Жоқшылықтан 8 жасар балам әлі мектепке барған жоқ»

14 маусым, 17:35
48

Талдықорғандық Назира Рашитованы төрт баласымен күйеуі тастап кеткен, кенжесі небәрі үш айлық. Бала-шағасымен аядай ғана пәтерді жағалап жүрген әйел «Жетісу» арнасындағы «Болмыс» ток-шоуына көмек сұрап келді.

Нәзира бала кезінен жоқшылықтан көз ашпаған. Ата-анасынан ерте айрылған ол жиырма жасында күйеуге шығады. Алайда, жоқшылыққа шыдай алмаған күйеуі оны төрт баласымен бірге тастап кетіпті.

«Қазір пәтер жалдап жүрміз. Еркек адам тез сынады дейді. Екеуміз осылай екі жаққа кеттік. 21 мың теңге жәрдемақы аламын. Пәтерге 16 мың теңге беремін. Ары қарай 4000 теңгеге баланың памперсін аламын. Ақша түкке жетпейді», – дейді Назира.

Айтуынша, күйеуімен заңды некеге отырмаған. Сол себептен де балаларының құжаты жоқ, еш жерде тіркелмеген. Үлкені 8 жаста. Әлі мектепке бармаған. Өйткені киіндіріп, мектепке беруге жағдайы жоқ.

Нәзира емізулі баласы болғандықтан жұмысқа да шыға алмай отырғанын айтады. Телеканал арқылы көмек сұрап келген жалғызбасты ана алдағы уақытта жұмыс істеп, балаларын мектепке берсем деп армандайды.

sn.kz

18 маусым, 11:45
"Жалбаңдап жан баққанша, қайыр сұрағаным артық"
14 маусым, 18:55
Жауһардан да қымбат қазан
14 маусым, 18:47
Мүсіреповке муза болған актриса қарттар үйін паналап жүр
25 мамыр, 11:59
Қазақ қыздарына қайран қалмаймын
18 мамыр, 12:37
Ашаршылық ақтаңдақтары
18 мамыр, 12:20
Банк борышкердің құқығын ескермейді
11 мамыр, 11:35
Тағылымды тауарих
11 мамыр, 11:25
Шүкір, банкке қарызбын!