jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Ел аумағында жалған ақша жасаушылар көбейіп тұр

14 маусым, 17:22
26

2018 жылдың 5 айында жалған ақша жасау фактісі бойынша 75 қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы бүгін ҚР ҚМ МКК Алдын алу жұмысы және бақылау басқармасы басшысының орынбасары Ерден Жұман айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2018 жылдың 5 айында жалған ақша жасау фактісі бойынша 75 қылмыстық іс тіркелді. Ақшалай айналымнан жалпы сомасы 5,5 млн теңге болатын 922 дана жалған ұлттық валюта алынды. Сонымен қатар сомасы 6,3 млн теңге болатын 73 дана шетелдік валюта да айналымнан шығарылды. Жалған ақша белгілерін жасайтын 2 астыртын цех қызметі әшкереленді», — деді ол. Атап айтқанда, 32 700 доллар жалған ақша жасап сатқаны үшін Қазақстанның 2 және Тәжікстанның 2 азаматы бас бостандықтарынан айырылған. «Алматыда номиналы 10 мыңдық жалпы сомасы 460 мың теңге болатын жасанды ұлттық валютаны сатпақ болған ел азаматы ұсталды. Сонымен қатар Қызылорда облыстық ІІД-мен бірлескен шара барысында аталған өңір аумағында екі азамат ұсталды. Олар да жалпы сомасы 1 млн 430 мың теңге болатын 10 мыңдық номиналдар мен жалпы сомасы 2900 доллар болатын 100 долларлық ақшаны өткізбек болған», — деді Ерден Жұман.

19 қазан, 11:35
Мұрат ақын және Ноғайлы жырлары
12 қазан, 12:14
Тренинг немесе мен қалай оқуымды бітіре алмадым?
12 қазан, 12:08
Желідегі маркетинг шаң қаптырмасын
08 қазан, 14:52
Арқа (әңгіме)
28 қыркүйек, 12:39
Таңдаулы оқулықтар ғана аударылады
28 қыркүйек, 12:14
Ең басты мәселе – өңірлік және жаһандық қауіпсіздік
24 қыркүйек, 11:25
«Тозақ отынан» оралған әйел
21 қыркүйек, 11:17
"Чайка" жігіттер