jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Ақтөбеде 9 айлық балада «менингит» диагнозы анықталды

14 маусым, 12:51
20

Ақтөбеде 9 айлық сәбиден менингококк жұқпасы анықталды. Сәби қазір ауруханада ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаеваның айтуынша, сәби облыстық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының жансақтау бөлімшесіне «жедел респираторлы-вирустық инфекция» диагнозымен жатқызылған. «Баладағы «менингококк жұқпасы» диагнозы зертханалық түрде расталды. Науқас емделу курсынан өтуде. Сәбидің жағдайы тұрақты, жақсарғаны байқалады. Онымен араласқан туыстары тексерілді, тексеру нәтижелері теріс. Оған медициналық бақылау орнатылды. Эпидемияға қарсы шаралар толық көлемде жүргізілді», — деді Нұрсұлу Беркімбаева. Айта кетейік, жыл басынан бері өңірде менингококк жұқпасы үш адамнан анықталды. «Дертке шалдыққан адамның барлығы емделді. Науқастардың медициналық ұйымдарға уақытылы баруының арқасында барлық жағдайлар жақсы аяқталды. Осы адамдармен байланыста болған 180 адам тексерілді. Тексеру нәтижелері бойынша тасымалдаушылар тіркелген жоқ. Менингококк инфекциясы үш оқиғаның 2-еуінде зертханалық түрде расталды, біреуіне диагноз клиникалық мәліметтер негізінде қойылды. Қазіргі кезде ахуал тұрақты», — деді Нұрсұлу Беркімбаева.

19 қазан, 11:35
Мұрат ақын және Ноғайлы жырлары
12 қазан, 12:14
Тренинг немесе мен қалай оқуымды бітіре алмадым?
12 қазан, 12:08
Желідегі маркетинг шаң қаптырмасын
08 қазан, 14:52
Арқа (әңгіме)
28 қыркүйек, 12:39
Таңдаулы оқулықтар ғана аударылады
28 қыркүйек, 12:14
Ең басты мәселе – өңірлік және жаһандық қауіпсіздік
24 қыркүйек, 11:25
«Тозақ отынан» оралған әйел
21 қыркүйек, 11:17
"Чайка" жігіттер