jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Шымкент маңында жантүршігерлік жол апаты болды (видео)

13 маусым, 14:07
3141

Желіде Түркістан — Шымкент тасжолында болған жантүршігерлік жол апатының видеосы тарап жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. Роликтің 20-шы секундында талқаны шыққан ВАЗ 2114 (Lada) көлігін көруге болады. Соған қарағанда, жүргізуші асқан жылдамдықпен келе жатып, жол жиегіндегі қоршауды соққан, салдарынан қоршау көліктің капотынан артқы жүксалғышына дейін тесіп өткен. Өтіп бара жатқан көліктер тоқтап, көмек көрсете бастаған. Оқиға орнына полицейлер жеткен.

Ескерту! Видеода былапыт сөз айтылады!

TVK телеарнасының мәліметінше, жол апаты 11 маусымда кешкі уақытта батыс Қытай — батыс Еуропа тасжолында, Шымкенттен 15 шақырым жерде болған. «Түркістаннан Шымкенте бағыт алған ВАЗ 2114 көлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, асқан жылдамдықпен жол қоршауына соғылған», — деп хабарлады телеарна. Көлік салонында бес адам болған. Жүргізуші мен жолаушы қатты соққыдан оқиға орнында қаза тапқан. Қалған үш жолаушы ауыр жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Апаттың себебі мен оған кінәлі адам анықталып жатыр.

14 желтоқсан, 11:54
Жадымыздасың, Желтоқсан!
07 желтоқсан, 13:04
Ыдырыс Мұстамбайұлы
07 желтоқсан, 12:58
Кебенекті біліесіз бе?
07 желтоқсан, 12:54
Әзірге ұсыныс
07 желтоқсан, 11:39
Дуа мен дауа немесе Айтолқынның айласы
30 қараша, 12:29
Құзорда - Баласағұн
30 қараша, 12:22
Шанақтан шыққан шатақ
29 қараша, 15:06
Bitcoin құнсызданып барады