jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Әлем чемпионаты: Испания құрамасы бас бапкерін қызыметінен босатты

13 маусым, 17:52
61

Футболдан әлем чемпионатының басталуына бір күн қалғанда Испания құрамасы бас бапкерін қызметінен босатты.

Мадридтің «Реал» клубы 12 маусым күні Хулен Лопетегиді бас бапкерлікке тағайындағанын мәлімдеген еді. Команда басшылары Хулен әлем чемпионаты аяқталған соң «Реалдағы» қызметін бастауы тиіс, деді.

Бұл жаңалық Испания футбол одағының басшысына мүлде ұнамапты. Бүгін Әлем чемпионатының басталуына бір күн қалғанда Хулен Лопетеги Испания құрамасының бас бапкері қызметінен кетті.

«Біз Хулен Лопетегимен жұмыс істеуді тоқтататынымызды хабарлаймыз. Оған жақсылық пен сәттілік тілейміз. Испания құрамасының барлық жұмысшылары ортақ қабылданған ережелер барын ұмытпауы керек», — делінген Испания құрамасының твиттердегі аккаунтында.

«Реал» Хулен Лопетегимен келіссөз жүргізу барысында Испания футбол федерациясы құлағдар болмаған. Бапкерді орнынан алуға осы жағдай себепкер болуы мүмкін.

Испания құрамасы Ресейдегі әлем чемпионатындағы алғашқы матчын 15 маусым күні Португалияға қарсы өткізеді.

18 маусым, 11:45
"Жалбаңдап жан баққанша, қайыр сұрағаным артық"
14 маусым, 18:55
Жауһардан да қымбат қазан
14 маусым, 18:47
Мүсіреповке муза болған актриса қарттар үйін паналап жүр
25 мамыр, 11:59
Қазақ қыздарына қайран қалмаймын
18 мамыр, 12:37
Ашаршылық ақтаңдақтары
18 мамыр, 12:20
Банк борышкердің құқығын ескермейді
11 мамыр, 11:35
Тағылымды тауарих
11 мамыр, 11:25
Шүкір, банкке қарызбын!