jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Эндрю Макафи: 2035 жылға дейін бірқатар маманның орнын роботтар басады

17 мамыр, 15:27
19

2035 жылға қарай кеңсе қызметкерлері мен қызмет көрсету саласының мамандарын роботтар алмастыруы мүмкін. Бұл туралы «Цифрлық экономика жөніндегі бастамалар» директоры Эндрю Макафи мәлімдеді. «Роботпен алмастырылған адамзат ғаламдық әлеуметтік сын-тегеурін» атты панельдік пікірталаста осындай ақпар келтірді.

Астана экономикалық форумында қызықты ақпараттарға қанық болдық. Сенесіз бе, болашақта роботтар біздің өмірімізге етене араласа бастайды. Қазірдің өзінде көптеген зауыт, фабикалар автоматтандырылған. Сондықтан сақа сарапшылар жаһандық өсудің ақыры осы ма деген сұрақтың төңірегіндегі толғандырған мәселелерге баса наазр аударуда. Бір жағынан, бұл түбегейлі қайта құрылған экономиканың одан әрі өсуі үшін қажет уақытша кедергі ғана. Таяу аралықта роботтар расында да біздің әріптестеріміз болуы мүмкін. Екінші жағынан, жаһандық экономиканың өсуіне кедергі келтіретін бірқатар мәселе бар, олардың ішінде қарыз эпидемиясы мен өсіп келе жатқан әлеуметтік жіктелу де бар. Осы орайда ең бірінші сөз алған Слоун менеджмент мектебінің тең директоры Эндрю Макафи өзінің зерттеуінен де біренеш мысал келтірді. Мәселен, алдағы 10 жылда Американың еңбек нарығында өзгерістер туралы ақпар берді. Оның сөзіне қарағанда, роботтар техникалық қызметкерді атқарады-мыс. Ендеше спикердің сөзін тыңдап көрелік. Эндрю Макафи, MIT Sloan School of Management, «Цифрлық экономика жөніндегі бастамалар» тең құрылтайшысы және тең директоры: — Жаһандық экономиканың Америкадағы маңыздылығы қандай? Зауыт қызметкерлері қалай жұмысы істейді? АҚШ-тың еңбек нарығында қандай өзгерістер орын алады? Мен осы турасында айтқым келеді. Алдағы 30 жылда тұрмысы орташа отбасылар мүлдем болмайды: бай-бағландар мен төментұрмысты азаматтар арасында әлеуметтік алшақтық пайда болады. Осыған байланысты қоғам жаңа экономикалық тәртіпке бірден үйренісе алмай бір толқуы мүмкін. Сонымен қатар жұмыссыздық деңгейі артады. Мейлі, кеңседе қызмет етіңіз не техникалық мамандық иесі болыңыз, 2035 жылға қарай бірқатар сала автоматтандырылады. Құлтемірлер еңбек күшіне айналады. Адамдардың көбі шығармашылық сияқты салаларға бет бұруы мүмкін.

24.kz

19 қазан, 11:35
Мұрат ақын және Ноғайлы жырлары
12 қазан, 12:14
Тренинг немесе мен қалай оқуымды бітіре алмадым?
12 қазан, 12:08
Желідегі маркетинг шаң қаптырмасын
08 қазан, 14:52
Арқа (әңгіме)
28 қыркүйек, 12:39
Таңдаулы оқулықтар ғана аударылады
28 қыркүйек, 12:14
Ең басты мәселе – өңірлік және жаһандық қауіпсіздік
24 қыркүйек, 11:25
«Тозақ отынан» оралған әйел
21 қыркүйек, 11:17
"Чайка" жігіттер