jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Бейсен Құранбек: Қазіргі жігіттер арыстандай ақырмайды

17 мамыр, 16:27
349

-Біздің байымыз кезінде арыстандай ақырып тұрушы еді. Қазір қатынынан қорықпай айқай салатын еркек бар ма өзі? — деді ойына ой түсіп кеткен апам.

-Қайтеді екен деп: «Әй, қатын!» деп айқай салдым, ас үйде жүрген келіншегіме.
Айтарымды айттым ғой. Бірақ, ішім қылпылдап кетті, ренжіп қалмас па екен деп.

Содан ба, дауысым да түз тағысынікіндей ызбарлы емес, цирктегі аңның үніндей жалынышты шықты.

Соны байқап қойған апам: атаң айқайлағанда мен сүрініп, қабынып жетуші ем, сенің «әй, қатыныңнан» анауың селт етпеді де ғой деп күлді.

Апаммен арадағы жарасымды қалжыңның бірі ғой. Десе де, ойланып қалдым. Қазір біз еркектер тым сыпайы боламыз деп еркектік табиғатымызды ұйықтатып тастаған жоқпыз ба?

Бұл туралы Бейсен Құранбек facebook парақшасында жазды.

17 тамыз, 17:11
Бір тал өрік
17 тамыз, 16:43
"Көзім ашылып, түнектен шыққандаймын"
17 тамыз, 16:36
Доллар "дауылы"
17 тамыз, 16:29
Ана мен бала өлімі асқынып тұр
17 тамыз, 12:08
Бағдарлама берген мүмкіндік
13 тамыз, 15:13
Алыс-беріс пен барыс-келіс жанданатын аймақ
10 тамыз, 15:13
Айжан қалай адасты?
10 тамыз, 11:49
Ақан сері ауылында небәрі 20 үй қалды